Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің әйгілі әншісі қатерлі дерттен көз жұмды

Опубликовано:

Ресейлік әнші Дмитрий Хворостовский 56 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды ТАСС агенттігіне әншінің агенті жеткізген. Бұл туралы NUR.KZ порталы "BBC орыс қызметіне" сілтеме жасап хабарлайды.

Хворостовскийдің қазасы туралы РБК агенттігіне әнші әрі депутат Иосиф Кобзон да хабарлаған болатын. Оның айтуынша, Хворостовский Швейцарияда көз жұмды.

Сол арада әнші Дмитрий Маликов Хворостовскийдің Лондонда өмірден озғанын айтуда. Дмитрий ауыр дертпен күресіп келген. Оның қатерлі дертке шалдыққаны туралы 2015 жылдың маусымында белгілі болады. Нәтижесінде әнші бірнеше концертін кейінге шегеруге мәжбүр болған.

Хворостовский ем қабылдағаннан кейін сахнаға бірнеше ай ішінде қайтып оралады. Алайда 2016 жылдың күзінде оған тағы да химиотерапиядан өтуге тура келген.

Ал бір ай бұрын БАҚ Хворостовскийдің қаза болғаны туралы жалған ақпарат таратқан еді. Сол кезде бұл ақпаратты әншінің әйелі Флоранс жоққа шығарған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік белді дінбасы ақырзаман келе жатқанын айтып, дабыл қақты

Атырауда жұмыстасын пышақтап тастаған күзетші үш жылға сотталып кетті

Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алды

"Өзімізде аз": СҚО әкімдігі Омбыға қазақ жігіттерін алып кетуге қатысты пікір білдірді

Қырғызстанда көрші үйдің 10 жасар баласын бір жыл бойы зорлаған имам елді шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1684568-reseydinh-aygili-anshisi-qaterli-dertt/

pixel