RU

Ақтөбеде алып қашқаннан кейін өзіне қол салған келінге қатысты тың деректер шықты

Атырау облысының прокуратурасы алып қашқаннан кейін өзіне қол салған 20 жастағы Данара Қайып туралы тың деректерді жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бойжеткеннің қазасына қатысты бірқатар ақпаратты Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов желі парақшасында жария еткен.

Қайғылы жағдай Атырауда 6 қараша күні болған. Полицияға келінін үй сарайында асылған күйі тапқан тұрғын хабар берген. Алдын ала мәліметтер бойынша, Данара 2016 жылдың күзінде «ВКонтакте» желісі арқылы атыраулық жігітпен танысады.

2017 жылы жігіт Данарамен жүздесіп, екеуі некелерін қиюға келіскен. Жігіттің сөзіне сенсек, бойжеткен некеге келісім беріп, онымен бірге Атырауға жол тартқан. Атырауда жігіттің ата-анасы олардың бірге азаматтық некеде болуына рұқсат береді.

Бойжеткен өзіне қол салатын күні үйде жігіттің ата-анасы да, өзі де болмапты. Ол Оралға танысының жерлеуіне кетіп қалған екен.

​​Шамамен түскі уақытта жігітке Данарадан хабарлама келеді. Бойжеткен хабарламада одан кешірім сұрапты. Екі сағаттан кейін жігітке әкесі хабарласып, оның қайтыс болғанын жеткізген.

Жігіт Данараға дейін 2013 жылы өзге бойжеткенмен танысып, кездесіп жүргені белгілі болды. 2014 жылы бойжеткен жүкті болып қалғандықтан, ол ресми түрде заңды некеге тұрған. Алайда атыраулық жігіт әйелімен бір шаңырақ астында өмір сүрмеген. Ортақ некеден үш жасар қызы бар.

Данарамен азаматтық некеде болған сәтінде жігіт бұрынғы әйелімен ресми түрде ажырасып үлгермеген. Ол Данараға бұрынғы әйелі барын айтқанын және бойжеткенмен бұл жайтқа қатысты жанжал болмағанын алға тартты.

Алайда бойжеткеннің жақындары Данара өзін алып қашқан жігіттің әйелі барын естігеннен кейін өзіне қол салды деген пікірде.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда 500 теңгелік жаңа банкноттар пайда болады (фото)

Нұрлан Нығматуллин бастарын изесе де, іс жүзінде жұмыс істемейтін министрлерді сынады

Жүрегіне ота жасатқан Нығматулиннің жағдайы қалай?

Ресейдің әйгілі әншісі қатерлі дерттен көз жұмды

Төрт баласы бар Индира Расылхан өзінің өмірі туралы кино түсіріп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1684634-aqtobede-alyp-qashqannan-keyin-ozine-q.html