Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздарға диета арқылы қалай тез арықтауға болады?

Опубликовано:

Қыздар үшін артық салмақпен күресу оңайға түспейтіні белгілі. Егер арықтау үшін диета ұстауды көздесеңіз, келесі ережелерге құлақ түріңіз.

Диета таңдаған кезде азық-түліктің қолжетімді болуына мән беріңіз.

Диета ұстаған кезде жейтін тағамдарыңыз өзіңізге ұнауы тиіс. Егер дәмі ұнамайтын тағамдармен диета ұстасаңыз  өзіңізге екі есе қиын соғуы мүмкін.

Егер өзіңіз көздеген нәтижеге тезірек қол жеткізгіңіз келсе, мейілінше жылдам дайындалатын диетаны таңдаңыз. Өйткені, тағам ұзақ дайындалған сайын сіздің тәбетіңіз де ашыла түседі.

Тез арықтауға арналған 10 пайдалы диета

Голливудтық диета жұлдыздар арасында ерекше танымал. Екі аптаға созылатын диетада шамамен жеті келідей салмақ тастауға болады. Бұл диетаның басты ерекшелігі – ас мәзірінен нанды мүлдем алып тастап, қант, тұз бен майдың көлемін қадағалауда.

Орамжапырақ (капуста) диетасы да өте пайдалы. Жеті күннің ішінде бес келі салмақ тастауға мүмкіндік береді. Мұндағы ас мәзірінде тағамдар өте дәмді, алайда, бірде-бір тағамға май қосылмаған.

Жапондық диета арқылы екі аптаның ішінде сегіз келі салмақ тастай аласыз. Бұл диетада кіл теңіз тағамдары қолданылады, сондай-ақ, барлық дерлік тағамның тұзы жоқ.

Бразилиялық диета арқылы жеті күннің ішінде төрт келі салмақ тастауға болады. Мұндағы диетаның негізі – жеміс-жидектер мен көкөністер.

Интервалды диета. Бұл диета тоғыз күнге созылады. Бірақ үш күн сайын үш кезеңнен құралады. Мұндағы басты тағамдар – күріш, картоп, көкөніс. Диета кезінде тек таза су ішуге кеңес береміз. Бұл диета сіздің 8-9 келі салмақ тастауыңызға көмектеседі. Әйтсе де, денсаулығыңызға да ерекше мән беруіңізді сұраймыз.

Қарақұмық диетасы бір немесе екі аптаға созылады. Бұл диетаны ұстаған кезде сіз 4-8 келі аралығында салмақ тастай аласыз. Алайда, қарақұмық диетасын ұстаған кезде мына нәрсені ұмытпаңыз. Қарақұмықты қайнатып, пісіруге болмайды. Тек қана ыстық су құйып, 3-4 сағат буда ұстаған қарақұмықты ғана пайдаланаңыз. Тағы бір айта кетерлігі, диета кезінде қарақұмыққа қандай да бір қоспа қосуға болмайды.

Сорпа диетасының түр-түрі бар. Оның ішінде, сорпа-пюрені де пайдалануға болады. Бастысы, бұл картоп немесе бұршақ сорпасы болмауы тиіс. Сондай-ақ, сары май мен арнайы қоспаларды, нанды пайдалануға болмайды. Тұзды аз мөлшермен қоссаңыз болады. Диетаны жеті күн ұстап, 4 келідей салмақтан арыла аласыз.

Тағы оқыңыздар: Денсаулыққа арналған пайдалы кеңестер

Топ модельдер диетасы. Үш күнге созылатын бұл диета арқылы кейде 3, кейде 5 келі салмақ тастауға болады. Алайда, бұл өте ауыр диета екенін ұмытпаңыз. Бұл диетаны ұстау арқылы сіз күні бойы бір жұмыртқа мен 300 грамм сүзбе жейсіз. Кешкі астан мүлде бас тартып, тек су ғана ішесіз.

Айран диетасы жеті күнге созылады. Бұл диета арқылы 4-5 келі артық салмақтан құтыла аласыз. Бұл диетаның басты құпиясы – күніне бір жарым литр майсыз айран ішесіз.

Жаңадан дайындалған шырын диетасы тез салмақ тастауға көмектеседі, бірақ, бұл диетаға шыдау қиындық тудыруы мүмкін. Апельсин, грейпфрут және лимон шырынын күніне үш реттен ішесіз. Қалған уақытта тек сумен қоректенесіз. Бұл диетаны үш күн ұстап, 3 келідей салмақ тастауға мүмкіндік бар.

Мыңдаған диета арасында тез арықтауға көмектесетін жылдам диеталар да бар. Әдетте олар бес күнге созылады. Мұндай диеталарды ұстаған кезде кешкі асты мүлде ұмытып, тамақ көлемін азайтасыз. Кейде бір ғана тағам негізінде ұстайтын монодиеталар да болуы мүмкін. Мәселен, айран, шырын немесе жеміс-жидек негізінде ұстайтын диеталар. Экспресс-диеталардағы ас мәзірі мынадай:

  • Таңғы ас: тәттісі аз шай,тауық жұмыртқасы;
  • 12-ге дейінгі екінші таңғы ас: айран мен майсыз сүзбе;
  • Түскі ас: буда піскен балық, көкөністен жасалған, лимон шырынмен араластырылған 150 грамм салат, жеміс-жидек;
  • Кешкі ас: тәттісі аз шай.

Тез арықтауа арналған ең пайдалы диета:

Модельдер қолданатын, тез арықтауға арналған ең пайдалы диета көмірсусыз деп аталады. Бұл диетада ақуыздың көлемі де аз. Мұндағы ас мәзірі төмендегідей:

  • Таңғы ас: 30 грамм қатты сортты ірімшік, бір тілім қара нан, тәттісі аз көк шай;
  • Түскі ас: бұқтырылған фасоль, бір тілім қара нан, 200 гр майсыз сүзбе, тәттісі аз шай.
  • Кешкі ас: буда бұқтырылған 100 гр тауықтың төс еті, 1 қияр, 1 қызанақ, тәттісі аз көк шай.

Тағы оқыңыздар: Дұрыс тамақтану ережелері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1684804-qyzdargha-dieta-arqyly-qalay-tez-aryqt/

pixel