RU

Алматылық тергеуші кәсіпкердің 1 млн долларлық алтынын казиноға тігіп жіберген (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматылық кірістер департаментінің тергеушісі кәсіпкер Индира Бердыбекованың алтын бұйымдарын тәркілеп артынан казиноға тігіп жіберген деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Бизнесмен келіншек барынан айырылып, белшесінен қарызға батқан.

«Алматылық кірістер департаменті менің өмірімді тозаққа айналдырғанына міне алты айдың жүзі болды. Олар менің сауда нүктемдегі, інімнің және өз үйімде тұрған бір миллион доллардың құнындағы алтын әшекейлерімді «контрабандалық қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін» деп тәркілеп әкеткен.

Кейін жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне арыз жазып, шағымданып, сұрастырсам кірістер департаментінің тергеушілері бағалы заттарды ломбард, базарға апарып сатып, казиноға салып жіберген. Бұл туралы маған департаменттің ішкі қауіпсіздік қызметкерлері айтты», - деп ашынды кәсіпкер келіншек.

Кәсібінен бір күнде айрылған жалғызбасты ана Алматының әрбір ломбардын өзі аралап сатылымда тұрған алтын бұйымдарын бірден таныған.

«Менің дүкенімде сатылған әшекейді қаладағы он ломбардтан көріп, суретке түсіріп, кім өткізгенін де анықтағымда олар кірістер департаментінің аға тергеушісі болып шықты. «Тауарымды кері алып беріңдер» деп құзырлы органға арыз да жаздым. Нәтиже жоқ.

Осы күнге дейін бес қорғаушы жалдап экономикалық қылмыспен күрес қызметкерлерінің заңсыз іс қозғап, мені алдап барлық дүниемді алып қойғанын сотта дәлелдеп шықтым. Қазір мен "қылмыскер" емес мемлекеттік қызметкердің алаяқтығына тап болған құрбанмын. Алтын бұйымдарымды тәркілеген кезде тергеушілер мені шақыртқан да жоқ.  Гауһар (бриллиант) тастан жасалған көп әшекейімді картошка тиегендей қапқа салып алып кеткен. Алты ай бойы прокуратураға арыз жазып жатып тәркілеу хаттамасын әрең алдым», - дейді кәсіпкер Индира Бердыбекова.

Алматылық бизнесмен тоқсан сайын салықты уақытылы  төлеп, дүкеніндегі алтындарды шетелден әкелмеген. Барлық тауарды Қазақстан аумағында өзге кәсіпкерлерден көтерме бағамен сатып алған және ешқандай заң бұзбағанын айтады.

Заңгер Айгүл Орынбек кәсіпкер келіншекпен facebook желісінде тілекей эфир ұйымдастырып, салықшылардың былығын әшкереледі.

«Қылмыстық істі кеше тексеріп көрдім. Алғашқы кезде Индира Бердыбекова қылмыстық істе «куәгер» болса, сот кезінде «жәбірленушіге» айналды. Әрбір бағалы бұйымды тәркілеген кезде тергеушілер жазған хаттама, видео бәрі болған. Кейін сол хаттамалардың көзі жойылып, басқасы жазылса, бейнежазба мүлдем жоғалып кеткен. Сондай-ақ алтын бұйымдардың саны мен құны да өзгертілген. Тағы бір айтары, тергеушілер құны бір миллион доллар болатын әшекейді тәркілеген соң неге сақтау қоймасына өткізбей, алты ай бойы жеке кабинетіне сақтаған. Департамент басшылары қайда қарап отыр?»,- деп күйінді танымал блогер.

Кәсібінің нәсібін емес, азабын көрген жалғыз басты ананың арызынан соң кіріс департаментінің қызметкерлері Алматыдағы ломбардтардан әріптестері сатқан әшекей бұйымдардың біразын кері қайтарған. Алайда қолдан қолға өткен тауар иесіне берілмей әлі күнге дейін қайда тұрғаны белгісіз.  Бизнесмен келіншек құмар ойынның құрбаны болып, өзін тақырға отырғызған аға тергеушіні сотқа беріп, тауарын қайтып алу үшін елбасыдан да көмек сұрады.

Алматылық кірістер департаменті болса тәртіп бұзған аға тергеушінің мамыр айында тергеу изоляторында қамалғанын айтты. Оған қылмыстық кодекстің 361 бабы 4 тармағы бойынша айып тағылған. Яғни, "қылмыстық іске қатысы бар тәркіленген айғақтық зарттарды ұрлады және жеке мақсатына жаратты" деп күдіктелуде отыр.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде алып қашқаннан кейін өзіне қол салған келінге қатысты тың деректер шықты

Алғашқы парамен құттықтаймыз: Саунада түсірілген видео Қазнетте қызу талқыға түсті (видео)

Үйдің терезесіне ту ілген қызылордалық жігітке 400 мың теңге айыппұл салынды

Алып қашудың құрбаны болған жеткіншек қыздардың ауыр тағдыры (фото)

Құрбысының құрсағындағы баласын аяусыз кесіп алған бойжеткен жұртты шошытты

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылық тергеуші кәсіпкердің 1 млн долларлық алтынын казиноға тігіп жіберген (видео)
Mailfire view pixel