RU

Өзбекстанда оқушы қыздардың "пәктігін" жаппай тексеріп жатыр

Өзбекстанның Самарқан облысында колледж және мектептің жоғары сыныбында оқитын оқушы қыздардың бәрін гинекологқа тексеруге жіберіп жатыр. Ондағы мақсат - төсек қатынасын ерте бастаған жасөспірімдерді анықтау деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Самарқан облысы әкімшілігіндегі дереккөздің хабарлауынша, оқушы қыздарды тексеру арқылы ерте жүктілікті анықтамақ және өздеріне қол жұмсау оқиғасының алдын алмақ. Жыныстық қатынасты ерте бастаған оқушылармен психологтар жұмыс істейтін болады дейді.

Алайда оқушылар өздерін мәжбүрлі түрде дәрігерге қаратуына қарсы. Бірақ тексеруден кейін колледжде оқитын бір жасөспірімнің жүкті екені анықталған.

Жаппай тексеру Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Самарқанда сөйлеген сөздерінен кейін басталған.

9 қарашада мемлекет басшысы Самарқан облысы халық депутаттарының кеңесінде әйелдер арасында өзіне қол жұмсау дәйегі көбейіп бара жатқанына алаңдаған. Мирзияев соңғы уақытта бір Самарқан облысында 145 қыз-келіншектің өзіне қол жұмсағанын айтқан.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда 500 теңгелік жаңа банкноттар пайда болады (фото)

Нұрлан Нығматуллин бастарын изесе де, іс жүзінде жұмыс істемейтін министрлерді сынады

Жүрегіне ота жасатқан Нығматулиннің жағдайы қалай?

Ресейдің әйгілі әншісі қатерлі дерттен көз жұмды

Төрт баласы бар Индира Расылхан өзінің өмірі туралы кино түсіріп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1684880-ozbekstanda-oqushy-qyzdardynh-paktigi.html