RU

Денсаулық сақтау министрі дәрігерлердің жалақысын қандай жолмен көтеретінін айтты

Денсаулық сақтау министрлігі тиімсіз шығындарды қысқартып, үнемделген ақшаны медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсамақ. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Министр  Елжан Біртановтің айтуынша, министрлік бюджеттен ақша бөлдіріп, оны барлығына үлестіру жолымен жалақыны көтере алмайды, қазір ондай жүйе жұмыс істемейді.

"Егер біз жалақыны 50 пайызға көтергіміз келсе, қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтуымыз керек. Өкінішке қарай, ол оңай шаруа емес, онсыз да ел бюджетінің 11 пайызын алып отырмыз", — деп түсіндірді Біртанов.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда жұмыс тобы шығындарды оңтайландырумен айналысып жатыр.

"Тиімсіз шығындардың бәріне тыйым салынып, қысқартылады. Алайда тариф сол күйі сақталады. Үнемделген ақша жалақыға бөлінуі керек. Өз клиникасының, кадрдың құнын білетін басшылар қызметкерлерінің жалақысын жүйелі түрде көтеріп келеді", — деп атап өтті ол.

Министр көптеген мемлекеттік медициналық ұйымның жалақы төлеу жүйесін мемлекет реттемейтінін атап өтті.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық тергеуші кәсіпкердің 1 млн долларлық алтынын казиноға тігіп жіберген (видео)

Алматыда 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Түркия Қазақстаннан түрік лицейлерінің мұғалімдерін қайтаруды талап етуде

Қазақстандық футболшылардың көркінен көз сүрінетін сұлу әйелдері кімдер?

Құрбандарынан "бақ" жасаған қылмыскер 360 жылға сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1685108-densaulyq-saqtau-ministri-darigerle.html