RU

Әзілкеш Дәурен Айдарқұлов ер адаммен қалай сүйіскенін айтты (фото)

Танымал әзілкеш Дәурен Айдарқұлов жаңа кинокартинадағы рөлінде ер адаммен сүйісті. Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жуырда көгілдір экранға жол тартатын "Больше, чем кино" деп аталатын кинокартинада режиссер Асқар Бисембин Дәурен Айдарқұловты да өзге қырынан танытты. Кинода серіге біраз тер төгуге тура келген. Тіпті, актер ер жігітпен сүйісуден де бас тартпаған дейді "Ревю" бағдарламасы.

Режиссер болса, Дәурен Айдарқұловтың да өзге қырын аша алғанына разы. Актерға Данияр Алшыновпен сүйісетін сахналар бары айтылғанда да, еш ойланбайстан рөлді сомдауға келісім берген.

"Енді кино ғой, сценарий. Біз әшейінде достарымызбен амандасқан кезде сүйісе береміз", - дейді Дәурен Айдарқұловтың өзі.

Басында актерлермен бірге фильмде бой көрсеткен Асқар Бисембин, кейін өзі ойнаған эпизодтарды мүлде қиып тастаған. Есесіне, студенттік шақта мансабын актерлықтан бастаған әріптесі Сатаев, артылған үмітті ақтап шықты.

Тағы оқыңыздар: 

Желіні шулатқан моншадағы видео қаһарманы елден кешірім сұрады (видео)

Тағы бір бүркітші қазақ қызына шетелдік режиссерлер таңдай қақты (фото)

Терактіден кейін алты жыл бойы комада жатқан жасөспірім қыз көз жұмды (фото)

Жартылай жалаңаш мүсінін елге көрсеткен Кәмшат Жолдыбаева елдің ашуына тиді (фото)

Атамбаев: Біз көршілес екі ірі державаны қатты ренжітіп алдық

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1685563-azilkesh-dauren-aydarqulov-er-adammen.html