RU

"Шаншар" театрының танымал актері қызының ұзату тойын дүркіретіп өткізді (фото)

"Шаншар" театрының танымал актері Жүсіп Ақшора Шымкент қаласында қызының ұзату тойын дүркіретіп өткізді. Актердің шаңырағындағы қуанышын бөлісуге өнердегі әріптестері мен туған-туыс, жора-жолдастары келген.

Актер қызының ұзату тойындағы суреттерімен желідегі парақшасында бөлісті.

"Той жасадық. Айжан қызымызды ұзаттық! Той жақсы деңгейде өтті! Тойға келген қонақтардың барлығына үлкен раxмет!  ",- деп жазған ол парақшасында.

Актердің қызымен түскен суретін көрген желі қолданушылары ақ тілектерін білдіріп, ұзатылып бара жатқан Айжанға ақ тілектерін жазды.

"Қандай әсерлі сурет! Барған жерінде бағы ашылсын!", "Қызыңыздың жолы оңынан болсын!", "Қызыңыз сұлу екен! Бақытты болсын!",- деп жазған желідегілер.

Тағы оқыңыздар: 

БАҚ: Қазақстан азаматшасы Үндістанда қамауға алынды

Павлодар облысында 49 жастағы ер адам декреттік демалысқа шықты

Қалаулым: Шымкенттік жігіттен бас тартқан Жанерке жаңа ғашығын тапты (фото)

Алтынай Жорабаева: Сәбиттің қыздарына келмегеніне бір жылдан асты

Мейрамбек Беспаевтың "алғашқы махаббаты" қазір қайда жүр? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1685671-shanshar-teatrynynh-tanymal-akteri-qyzy.html