RU

Алматыда кондуктор жолаушыны жүріп бара жатқан автобустан итеріп жіберді (видео)

Алматы тұрғыны автобуста болған оқыс жағдайдың видеосын жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жағымсыз жағдай №38 автобуста болған. Бойжеткен жолақысын "банк немесе смс" арқылы төлемек болғанында, кондуктор одан "Оңай" картасымен төлем жасауды талап еткен. Бойжеткен "Оңай" картасын көрсетіп жатқанда, кондутор картамды тартып алды дейді.

"Өз аялдамамда картамды қайтаруымды сұрадым. Ол картам жүргізушіде деп жауап қатты. Картам не себепті жүргізушіде екенін сұрағанымда, түсініксіз жауап қайтарды. Мен одан картамды жүргізушіден қайтарып, әкеліп беруін сұрадым. Ол бас тартты. Мен бұл жайтты видеоға түсіретінімді айтып, қолыма телефон алдым.

Кондуктор менің оны расымен видеоға түсіріп жатқанымды көріп, әлі тоқтап үлгермеген автобустан итеріп жіберді... Нәтижесінде менің пальтом жыртылып, телефонымның экраны (қорғағыш қабаты) сынып қалды", - деп жазған бойжеткен "ВКонтакте" желісінің "Типичная Алма-Ата" парақшасында.

Green Bus компаниясы алматылық филиалының басшысы Бауыржан Күлішев бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Егер сізге кондуктор немесе жүргізуші қол көтеріп, балағаттаған болса, полицияға хабарлаңыз. Адамға қол көтеруге ешкімнің құқы жоқ. Бұл қылмыстық әрекет. Сізді Қазақстан заңы қорғайды. Бұл жайтта менің қолымнан келері тек жүргізушіні жұмыстан шығару. Ал кондуктор бізде штаттан тыс жұмыс істеуде", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: 

БАҚ: Қазақстан азаматшасы Үндістанда қамауға алынды

Павлодар облысында 49 жастағы ер адам декреттік демалысқа шықты

Қалаулым: Шымкенттік жігіттен бас тартқан Жанерке жаңа ғашығын тапты (фото)

Алтынай Жорабаева: Сәбиттің қыздарына келмегеніне бір жылдан асты

Мейрамбек Беспаевтың "алғашқы махаббаты" қазір қайда жүр? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1685778-almatyda-konduktor-zholaushyny-zhurip-b.html