RU

Ресейлік миллиардер бір күнде тақырға отырып, 117 млн доллардан айырылды

Ресейлік бизнесмен Сүйлеймен Керимов Ниццада француз полициясына ұсталған соң, бір күнде 117 млн долларынан айырылып қалды. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Миллиардер әрі сенатор Керимов 20 қараша күні ұсталған соң, бір күнде 117 млн долларынан қағылды. Оның байлығы 6,8 млрд доллардан 6,7 млрд долларға төмендеген", - деп жазылған хабарламада.

Сенатор Керимов Ницца әуежайында ұсталып, дереу полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ол ақша бопсалап, салық төлеуден жалтарғаны үшін қолға түсті. Сүлеймен Керимов Forbes мәліметі бойынша, ресейлік байлар тізімінде 21-ші орында тұр.

Тағы оқыңыздар: 

БАҚ: Қазақстан азаматшасы Үндістанда қамауға алынды

Павлодар облысында 49 жастағы ер адам декреттік демалысқа шықты

Қалаулым: Шымкенттік жігіттен бас тартқан Жанерке жаңа ғашығын тапты (фото)

Алтынай Жорабаева: Сәбиттің қыздарына келмегеніне бір жылдан асты

Мейрамбек Беспаевтың "алғашқы махаббаты" қазір қайда жүр? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1685832-reseylik-biznesmen-bir-kunde-taqyrgha.html