RU

70 жастағы ер адам жасамаған қылмысы үшін 38 жыл бойы түрмеде отырған (фото)

Калифорния губернаторы Джерри Браун 70 жастағы Крейг Ричард Коулиді түрмеден босату туралы жарлыққа қол қойды. Ер адам жасамаған қылмысы үшін 38 жыл бойы абақтыда отырған деп хабарлайды ABC News арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ер адам 1980 жылы сүйіктісі мен оның баласын өлтірді деген айыппен сотталып кеткен.

"Прокурор ретінде айтарым, әділетсіздікке осыншама жылдар төзіп келген Коули мырзаның қолын алып, одан кешірім сұрайтын күнді асыға күтіп жүрмін", - дейді аймақтың прокуроры Вентура Грегори Тоттен.

Айта кетейік, 24 жастағы Ронды Вихт пен оның төрт жастағы ұлының мәйіті 1978 жылы табылған. Ал күдікке өлер алдында сүйіктісімен айырылысқан Крейг Коули ілінген.

Алғашқы сот отырысында айыптаушылар ер адамның шын мәнісінде кінәлі екенін дәлелдейтін бір шешімге келе алмаған. Алайда 1980 жылы оны бәрібір кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырған.

Ғылым мен технология ол кезде ДНҚ сараптамасын жасау мүмкіндігін беретіндей деңгейде дамымаған болатын. Ал бүгінде бұл мүмкіндікке жол ашылған. Аталмыш сараптама ер адамның екі кісі өліміне қатысы жоқтығын дәлелдеп берді.

Бүгінде штат билігі кісі өліміне қатысы бар қылмыскерді табу үшін бар күшін салатынын айтып отыр.

Тағы оқыңыздар: 

БАҚ: Қазақстан азаматшасы Үндістанда қамауға алынды

Павлодар облысында 49 жастағы ер адам декреттік демалысқа шықты

Қалаулым: Шымкенттік жігіттен бас тартқан Жанерке жаңа ғашығын тапты (фото)

Алтынай Жорабаева: Сәбиттің қыздарына келмегеніне бір жылдан асты

Мейрамбек Беспаевтың "алғашқы махаббаты" қазір қайда жүр? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1685874-70-zhastaghy-er-adam-zhasamaghan-qylmysy-ushi.html