RU
Қайрат Түнтеков көлік апатынан кейін бірден бес жылға қартайып кеткенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Түнтеков көлік апатынан кейін бірден бес жылға қартайып кеткенін айтты

Расказать Вконтакте

2013 жылы Қайрат Түнтековтің қатысуымен болған көлік апатының сот ісі әлі жалғасып жатыр. Ұлттық арнадағы "Тікелей эфир" бағдарламасында өзін сағынған көрерменнің біраз сұрағына нақты жауап бергісі келмеген әнші өміріндегі келеңсіз жағдайларды еске алғысы келмейтінін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ. 

Қайрат Түнтеков көлік апатынан кейін бірден бес жылға қартайып кеткенін айтты

Қайрат Түнтеков. Фото: Интернет желісінен

"Бұл оқиға аяқ астынан болды. Мені бір Алла сақтап қалып отыр. Өзім есімді тез жиып алдым. Бірақ бұл оқиға мені бірден бес жылға қартайтып жіберді. Шайтан судың әсері болды. Өзім бәрін түсінемін, ұқтым.

Бұндай оқиға кімнің басынан өтпейді?! Сот ісі әлі бітпеді, Алла қаласа бір аптаның ішінде бітіп қалады",- деді ол.

32 жасқа келген әнші жеке өмірін құпия ұстағысы келетінін де жасырмады. Ол көрерменнің "Отабсыңыз бар ма?", - деген сұрағына жауап бергісі келмейтінін айтты.

"Шынын айтсам бұл сұраққа жауап бергім келмейді", - деді Қайрат.

Еске салсақ, Қайрат Түнтеков 2013 жылы Алматы қаласында мас күйі көлік жүргізіп, жол апатына ұшыраған. Осы оқиғадан кейін ол сахнадан мүлдем алыстап, көрінбей кетті. Жуырда ғана сахнаға қайта оралған Түнтеков шетелдік байқауға қатысатынын да жасырмады.

Тағы оқыңыздар: 

Мексикада Головкиннің жүрегін елжіреткен кімдер?

"Қырым - Украинаға тиесілі" деген Собчактың басы бәлеге қалды

Бойы 137 сантиметрлік жас жігіт көрікті бойжеткенді өзіне ғашық етті

Ресейлік миллиардер бір күнде тақырға отырып, 117 млн доллардан айырылды

Он сегіз мың адамның алдында құлап қалған ұытайлық модель өз елінен кешірім сұрады

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
5
4
3
12
2
31
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір