RU

"Сізді түсіне алар емеспіз": Орыс ұлтының жігіті Атамбаевқа қазақша видеоүндеу жолдады

Әлеуметтік желіде қазақстандық азаматтың Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа арнаған видео-үндеуі таралып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода өзге ұлт өкілі қазақ-қырғыз арасындағы ынтымақ пен бауырластықты  сөз етеді. Айта кетерлігі, азамат қазақ тілінде мүдірмей сөйлеп отыр.

"Ассалаумағалейкүм, құрметті қазақ-қырғыз бауырлар! Қырғызстаннан жақсы жігіттер видео жіберіп жатыр. Мен бұл сөзімді Қырғызстан президенті Атамбаев мырза тыңдайды деген ойда жазып отырмын. Бізде сөз бар: "біреуге тәтті өтірік ұнайды, біреуге ащы шындық шырайлырақ".

Шындығына келсек, мен және Қырғызстандағы достарым сізді әлі де түсіне алар емеспіз. Қазақ пен қырғыз тарихы ортақ, бауырлас халық екені бәрімізге мәлім шығар", — деген ежелгі кезден бірге қылыш қосып, жоңғарларға қарсы соғысқанымызды, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Панфилов дивизиясы қазақ пен қырғыздың балаларынан құралғанын, Шыңғыс Айтматовтың қазақ жеріндегі беделін атап өтеді.

"Ақсақ қой түстен кейін маңырайды" демекші, сонша жыл президент бола тұрып, кететін кезде бір-бірінен қыз алып, бауыр болған халықтың ортасына балта салып отырғаныңыз мен үшін әлі түсінікті болмай тұр. Жігіттер, осы видеоны қорытындылай келе: Егер әр қазақ, әр қырғыз баласы татулық болсын десе осындай видео жазып, бір-біріміздің достығымызды көрсетейік. Менің ойымша, жақсы бірдеңе шығады. Амандықта кезедскенше бауырлар", — дейді орыс ұлтының жігіті.

Тағы оқыңыздар: 

Мексикада Головкиннің жүрегін елжіреткен кімдер?

"Қырым - Украинаға тиесілі" деген Собчактың басы бәлеге қалды

10 секунд ішінде ажал аузынан екі рет аман қалған жігіт жұртты таң қалдырды

Сауд Арабиясында қамауға алынған ханзадаларды соққыға жығып, азаптап жатыр

Қарағанды облысының әкімі ең ірі ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімін бере алмай жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1686431-sizdi-tusine-alar-emespiz-orys-ultyny.html