RU

Шымкентте мұнай ұрлап қашып кеткен ірі шенеунікке іздеу жарияланды (фото)

Шымкент қаласының полицейлері 38 жастағы шенеунікке іздеу жариялады. Ол құбырдан мұнай ұрлау ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы ІІБ-нің криминалды полиция бөлімі іздеу жариялаған Қалдыбаев Данияр Файзырахманұлы 1979 жылдың 25 қыркүйегінде дүниеге келген.

Оған Қылмыстық кодекстің 262 бабының 3 бөлігі “Қылмыстық топ, қылмыстық ұйым құру және оны басқару, соған қатысу”, 361 бабы 4 бөлігі “Лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану” бойынша айыптар тағылып, “қамауға алу” санкциясы берілді.

ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментінде бөлім бастығы болған Данияр Қалдыбаев 2015 жылдың жазынан бері “Павлодар-Шымкент” мұнай құбырынан қара алтын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топты құрды, деген күдікке ілінді.

Шымкент қаласының полицейлері облыс тұрғындарынан Данияр Қалдыбаевқа қатысты қандай да бір дерек болса, Шымкент қаласы ІІБ-ның кезекші бөліміне (8-7252) 57-32- 66, 20-08- 25 телефондары арқылы хабарласуды өтінеді.

Тағы оқыңыздар: 

Бишімбаевтың хан сарайындай зәулім үйі елді таңғалдырды (фото)

Назарбаева: Билігі тұрақты, барлығын болжауға болатын елде тұрамыз

Талғар тұрғыны 13 жастағы қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап тастады

500 теңгедегі шағалаға ұқсап қалған көгершіннің бейнесін желіде күлкіге айналдырды

Қарағанды облысының әкімі ең ірі ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімін бере алмай жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1686803-shymkentte-munay-urlap-qashyp-ketti-deg.html