RU

Кинотеатрда жыныстық қатынасқа түскен жұп жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Кинотеатрда фильм көрудің орнына жыныстық қатынасқа түскен Мелисса Маккейшон мен Адам Эммет жауапқа тартылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мелисса 40 жастағы Адам оған сезімін білдіргенде өзіне ие бола алмағанын алға тартқан. Нәтижесінде дәл фильм аяқталар сәтте жанталаса жыныстық қатынасқа түскен жұп жұрттың жағасын ұстатқан.

Куәгерлер қос ғашық еш қымсынбастан киімін шешіп тастап, апыл-ғұпыл ойларын жүзеге асырғанын айтуда. Тіпті көрермендердің бірі Мелисса мен Адамға бассыздықтарын тоқтатуын сұрағанда, екеуі ұятсыз әрекеттерінен ләззат алып үлгерген.

Олар киімін қайта киюге де еш асықпапты. Енді қос ғашық 1,2 мың фунт айыппұл төлеуі тиіс.

"Дұрыстап ойлануым керек еді. Істегенім ақымақтық болды. Біз тек аздап көңіл көтердік", - деп ақталды Адам.

Тағы оқыңыздар: 

Бишімбаевтың хан сарайындай зәулім үйі елді таңғалдырды (фото)

Назарбаева: Билігі тұрақты, барлығын болжауға болатын елде тұрамыз

Талғар тұрғыны 13 жастағы қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап тастады

500 теңгедегі шағалаға ұқсап қалған көгершіннің бейнесін желіде күлкіге айналдырды

Қарағанды облысының әкімі ең ірі ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімін бере алмай жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1686848-kinoteatrda-zhynystyq-qatynasqa-tusk.html