RU

Алматыда аянышты кейіптегі "полицей" аңқау әйелдің миллион теңгесін қолды қылды (фото)

Алматыда полицейлер 23 жастағы облыс тұрғынын қамауға алды. Жас жігіт өзін полицей ретінде көрсетіп, тұрғындардың ақшасын қолды қылып отырған. Бұл туралы NUR.KZ порталы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жас келіншек аянышты кейіптегі "полицейдің" құрығына түскенін айтып, тәртіп сақшыларына жүгінген. Әйел ағымдағы айдың басында "полицеймен" желі арқылы танысып, оның "ауыр жағдайына" сеніп қалған.

Жігіт анасының ауыр дертке шалдыққанын және оған қымбат ем алу қажеттігін айтып, әйелден ақша сұрапты.

"Жас жігіт алаяқтықпен әйелдің 1 млн 86 мың теңгесін қолды қылған. Содан кейін ол әйелдің қоңырауларына жауап беруін доғарыпты. Ал жігіттің әңгімесіне әбден сеніп қалған құрбаны соңына дейін оның полицей екеніне күмән келтірмеген. Себебі, жас жігіт онымен хабарлама жазысқанда форма киген фотоларын жолдап, жұмыс күні қалай өткенін баяндап отырыпты", - дейді ІІД өкілі Айдын Қабдулдинов.

Тәртіп сақшылары жас жігітті бірден тауып алып, оның полицияға және құзырлы органдарға еш қатысы жоқтығын анықтаған.

Бүгінде жігіт өз кінәсін мойындап отыр. Ол қолды қылған қаражаттарды өз қажетіне жұмсап үлгергенін алға тартқан.

Тағы оқыңыздар: 

Бишімбаевтың хан сарайындай зәулім үйі елді таңғалдырды (фото)

Назарбаева: Билігі тұрақты, барлығын болжауға болатын елде тұрамыз

Талғар тұрғыны 13 жастағы қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап тастады

500 теңгедегі шағалаға ұқсап қалған көгершіннің бейнесін желіде күлкіге айналдырды

Қарағанды облысының әкімі ең ірі ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімін бере алмай жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1686915-almatyda-ayanyshty-keyiptegi-policey.html