RU

Қарт кісілерді қораз бен тауық секілді билеткен асаба жұрттың ашуын тудырды (видео)

Қазақстанда өткен тойлардың бірінде қораз бен тауық қимылына салып билеген қарт кісілердің видеосы желіде қызу талқыға түсті. Той басқарған асабаның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram əлеуметтік желісінде жарияланған видеоға қолданушылардың кімнің жақсы билегеніне дауыс беру ұсынылды. Бірақ, желі қолданушыларының дені дауыс бермей, керісінше қарияларға осындай би билеткен асабаны сөкті.

Кейбіреулері «Үлкен кісілерді тамадалар мазақ қылады осы. Жастарды шақырмай ма одан да» деп пікір қалдырса, енді бірі «Бəріне тамада кінəлі» деп жазып жатты.

Ал, тағы бір желі қолданушылары болса «Екеуі де маладес, музыкаға сай билеп жүр» деп қолдап,  «100 жасаңыздар, апамыз мықты биледі» деп сүйсінді.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаева: Билігі тұрақты, барлығын болжауға болатын елде тұрамыз

Талғар тұрғыны 13 жасар қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап тастады

Шымкентте мұнай ұрлап қашып кеткен ірі шенеунікке іздеу жарияланды (фото)

Халықтан ұят: Сапарбаев жұртпен қоса өзін де алдаған аудан басшысына шүйлікті

500 теңгедегі шағалаға ұқсап қалған көгершіннің бейнесін желіде күлкіге айналдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1686937-zeynetkerlerge-qoraz-ben-tauyq-biin-b.html