RU

Халқы ашығып жүрген Зимбабведе бұрынғы президенттің балалары шалқып өмір сүруде

Конгодан кейінгі ең кедей елдердің бірі саналатын Зимбабведе бұрынғы президенттің балалары шалқып өмір сүруде. NUR.KZ порталы ақшаны судай шашатын елдегі байдың балаларын назарға ұсынады.

Алтын көліктерге отырып, жеке ұшақпен әлем аралайтын қалталы жастар өз байлығын желіде жарқыратып көрсеткенді абырой санайды.

Зимбабве халқының дені сіңірі шыққан кедейге айналғанда, елді 1980 жылдан бері басқарып келген Роберт Мугабенің балалары мен туыстары аста-төк байлыққа кенелген.

Тақтан түсірілген президенттің 24 жастағы ұлы Кіші-Роберт Мугабе мен 20 жастағы қызы Чатунга Мугабенің парақшалары екеуінің де шексіз байлыққа ие екенін бірден аңғартады.

Қыркүйекте Кіші-Роберт екі Rolls-Royce көлігін сатып алып, жақында ғана Дубайда қара «Бэтмобилімен» мақтанған болатын.

Одан бөлек жас жігіт желі парақшасында алтынмен безендірілген жеке ұшағының суретін жиі жариялап отырады.

Киіміне де ақшасын аямайтын азамат Джузеппе Заноттидің қолтырауын терісінен жасалған 14 мың долларлық аяқ киімін сатып алыпты.

Жас жігіт - ерін далабымен ататын алтын револьвердің иесі.

Оның ағасы Чатунга гауһар таспен безендірілген 60 мың долларлық Rolex сағатын тағады.

Халықтың 93%-ы ішерге ас таппай отырғанда, бұрынғы президенттің туыстары миллиондаған доллар байлықты қалтасына басқан. Мәселен, магнат Филип Чиянгтың қыздары бұрынғы президенттің балаларынан еш қалыспай, шалқып өмір сүруде.

Ванесса Чиронга - «зимбабвелік Кардашьян».

Оның әпкесі — Мишель Чиронга.

Мугабе тақтан кеткенімен, оның туыстары айтарлықтай қинала қоймайтыны анық. Олардың қалтасына басқан дүние-мүлкі өмірінің соңына дейін шалқып жүруіне мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыздар: 

Павлодарда ауыл әкіміне тіл тигізген тұрғын түрмеден бір-ақ шықты

Дариға Назарбаева: Билігі тұрақты, барлығын болжауға болатын елде тұрамыз

Қарт кісілерді қораз бен тауық секілді билеткен асаба жұрттың ашуын тудырды (видео)

Үшінші сәбиіне аяғы ауыр Салтанат Бақаева отбасылық фототүсірілім жасады (фото, видео)

Ақшасын төлей алмай оқудан шыққалы жатқан ақтөбелік студентке қайырымды жастар көмектескен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1687003-khalqy-ashyghyp-zhurgen-zimbabvede-buryn.html