RU

Ақтөбеде қорадан қашып шыққан бұқа үш күннен бері ұстатпай көше кезіп жүр (видео)

Ақтөбе қаласында мойнына арқан жіп байланған қара бұқа көліктермен ілесіп, көшеде тайраңдап жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісіндегі Аktobe_zello парақшасына жарияланған видео авторы бұл оқиғаға бүгін куә болғанын жазған.

Қала тұрғындары болса бұқаның бірнеше күннен бері айналасына адам жуытпай, көше кезіп жүргенін алға тартты.

«Өткенде Берсиева көшесінде жүгіріп жүрген», «Масқара, әлі жүр ме?» «3 күннен бері әлі жүр ғой. Неге бір адам ұстай алмаған?», – дейді желі қолданушылары.

Ең қызығы, бұл видеоны бұқаның иесі де көріп, астына «Мына бұқа менің малым. Тимеңіздерші. Неше күннен ұстатпай жүр. Көрсеңіздер хабар беріңіздерші», - деп пікір қалдырған.

Тағы оқыңыздар: 

Павлодарда ауыл әкіміне тіл тигізген тұрғын түрмеден бір-ақ шықты

Дариға Назарбаева: Билігі тұрақты, барлығын болжауға болатын елде тұрамыз

Қарт кісілерді қораз бен тауық секілді билеткен асаба жұрттың ашуын тудырды (видео)

Үшінші сәбиіне аяғы ауыр Салтанат Бақаева отбасылық фототүсірілім жасады (фото, видео)

Ақшасын төлей алмай оқудан шыққалы жатқан ақтөбелік студентке қайырымды жастар көмектескен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1687070-aqtobede-qoradan-qashyp-shyqqan-buqa-ush.html