RU

Ақтөбеде әкім шақ келмейтін ауылда билік үшін талас болып жатыр

Ақтөбедегі діни жағдайы күрделі Кеңқияқ ауылынан шу шықты. Бұл жолы ауылға әкім таңдау дауға ұласты. Билік пен халықтың таңдауы екіге айырылған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Темір ауданына қарайтын Кеңқияқ ауылына ауданның бір топ шенділері үш бірдей кандидаты ертіп әкелген. Басқа ауданнан келген мамандарға ауыл тұрғындары қарсы. Бұрынғы әкімі өз еркімен қызметімен кеткен Қеңқияқ тұрғындары ауылда не себепті әкім тұрақтамайтынын айтып берді.

«Биыл ауылда екінші рет әкім сайлауы өтіп жатыр. Оның алдында да ауылға екі рет әкім сайлаған екенбіз. Бұл жерде әкімдер не себепті шыдамайды, неге жұмыс істей алмайды? Оның себебі, біздің ауылға келген әкімдер әкімдікте жұмыс істейтін мамандардан қолдау таппай отыр. Сол жерге тәртіп орната алмай жатыр. Әкім алдымен әкімдіктің ішінде тәртіп орнатудан бастау керек. Қазақта «Ас бұзылса тұз себесің, тұз бұзылса не себесің» деген сөз бар. Бізге осының кері келіп тұр. Мына әкелген кандидаттар ауылда алып кетеді дегенге сенбеймін, оларға халық қарсы», - дейді ауыл ақсақалы Дат Елтезеров.

Ауыл тұрғындары әкімнің орынбасары қызметін атқарған маманның өздеріне басшы болғанын қалайды. Бір жыл бұрын қаладан ауылға қоныс аударған маман көпшіліктің көңілінен шығып отыр.

«Әкімдіктің ішінде тәртіп жоқ. Ырду-дырду болып тұр. Осыған дейін әкім болған Қабақпаев Кеңқияқты ағызып кетті. Халық осыған дейін әкімнің орынбасары болған Қуанышбек Серікжановтың ауыл басшысы болғанын қалайды. Ол жұмыс істейтін бала. Оған қолдау көрсету керек. Сондықтан, жоғары жақтағылардың біздің таңдауымызға құлақ асқанын қалаймыз», - дейді Ардақ Құбашева.

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев: Атамбаевтың психикалық ауруға ұшырағаны туралы ақпарат жария болды

Парламенттен жедел жәрдем алып кеткен Назаралы Жақсылықов өмірден озды

Сәкен Майғазиев: Мейрамбекті ұлы тұлға деп есептеймін

Халқы ашығып жүрген Зимбабведе бұрынғы президенттің балалары шалқып өмір сүруде

Ақтөбеде қорадан қашып шыққан бұқа үш күннен бері ұстатпай көше кезіп жүр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1687202-aqtobede-akim-shaq-kelmeytin-auylda-bi.html