RU

Жаңа қырғыз президентінің басынан орамал тастамайтын әйелі мен айдай сұлу қызы туралы не білеміз? (фото)

Қырғызстанның 58 жастағы жаңа президенті Сооронбай Жээнбековтің басынан орамал тастамайтын әйелі мен айдай сұлу қызы туралы бірқатар қызықты деректерді NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

Жээнбековтің әйелінің есімі - Айгүл. Оның мамандығы туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Үй тіршілігін дөңгелетіп жүрген Айгүл Сооронбай Жээнбековтен екі бала сүйіп отыр. Қырғызстанның жаңа президентінің бір қызы және бір ұлы бар.

Айгүл ел көзіне орамал тастамай жүруімен түсіп үлгерген. Ол, тіпті күйеуінің ұлықтау рәсіміне де басына орамал тағып келді.

Ал Жээнбековтің айдай сұлу қызының есімі - Бақтыгүл.

Ол КРСУ оқу орнында білім алып жүр.

Өткен жылы тұрмысқа шыққан арудың күйеуі - депутат Алиярбек Абжалиевтің ұлы Атабек.

Қырғызстан президентінің бір немересі бар. Есімі - Әлиасқар.

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев: Атамбаевтың психикалық ауруға ұшырағаны туралы ақпарат жария болды

Парламенттен жедел жәрдем алып кеткен Назаралы Жақсылықов өмірден озды

Сәкен Майғазиев: Мейрамбекті ұлы тұлға деп есептеймін

Халқы ашығып жүрген Зимбабведе бұрынғы президенттің балалары шалқып өмір сүруде

Ақтөбеде қорадан қашып шыққан бұқа үш күннен бері ұстатпай көше кезіп жүр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1687210-zhanha-qyrghyz-prezidentininh-basynan.html