RU

Елімізде адамның бет-бейнесін тұмшалайтын киім түрлеріне неліктен тыйым салынбақшы?

Еліміздің дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев елімізде ниқаб, чадра, балаклава, паранджа сынды бетті тұмшалайтын киім түрлеріне неліктен тыйым салынбақшы екенін түсіндіріп берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Министрдің сөзінше, мұның діни мәселелерге тікелей қатысы жоқ, Қазақстанда бетті жауып тұратын киімдер киюге тыйым салу азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудан туындап отыр екен.

"Ниқаб, чадра, балаклава, паранджа және бетперделер сияқты киімдер жеке тұлғаны сәйкестендіру кезінде құқық қорғау органдарына кедергі келтіреді, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының тиімділігін төмендетеді. Сонымен қатар, бұл біздің қоғамға тән емес және көпшілікті бұл ашық түрде алаңдатады", — дейді Ермекбаев.

Айта кетейік, министрлік қоғамдық орындарда адамды тануға кедергі келтіретін киімдерге тыйым салуды көздейтін заң жобасын дайындаған. Сондай-ақ құжат кәмелетке толмаған балаларды діни қызметке заңсыз тартуға жауапкершілікті күшейтіп, діни жоралғылар бойынша некеге тұруға тыйым салады.

Заң жобасы Қазақстан парламентіне жыл соңынан дейін түсуі тиіс.

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев: Атамбаевтың психикалық ауруға ұшырағаны туралы ақпарат жария болды

Парламенттен жедел жәрдем алып кеткен Назаралы Жақсылықов өмірден озды

Сәкен Майғазиев: Мейрамбекті ұлы тұлға деп есептеймін

Халқы ашығып жүрген Зимбабведе бұрынғы президенттің балалары шалқып өмір сүруде

Ақтөбеде қорадан қашып шыққан бұқа үш күннен бері ұстатпай көше кезіп жүр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1687228-elimizde-adamnynh-bet-beynesin-tumshal.html