RU

Арыстанды ақшамен тамақтандырмақ болған ер адам екі саусағынан айырылып қалды

Қытайда арыстан ер адамның ортаңғы саусағын түбінен, ал аты жоқ саусағының жартысын жұлып алған, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған Baq.kz.

Оқыс оқиға өткен сәрсенбі күні Хэнань аймағында орын алды. Куәгердің айтуынша, 65 жастағы Бай есімді ер адам темір тор ішіндегі арыстанды ақшамен тамақтандырмақ болады. Осы сәтте цирк арыстаны маскүнемнің екі саусағын тістеп алған.

«Арыстан ер адамның қолын тістеп алып, жібермей қойды. Цирк қызметкерлері оған көмектеспек болып, жануарды темірмен ұрды. Кейін қолы қанға малынған ер адам талып қалды», - дейді куәгер.

Бұл ақпаратты оқиғаны көзімен көрген ер адамның немересі растады. Дәл қазір маскүнем ауруханада жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде адамның бет-бейнесін тұмшалайтын киім түрлеріне неліктен тыйым салынбақшы?

Жаңа қырғыз президентінің басынан орамал тастамайтын әйелі мен айдай сұлу қызы туралы не білеміз? (фото)

Ақтөбеде әкім шақ келмейтін ауылда билік үшін талас болып жатыр

Алматыда із-түзсіз жоғалған 17 жастағы қыз жезөкшелер ордасынан табылды

Қалаулым бағдарламасының қатысушылары тікелей эфирде шаңырақ көтерді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1687640-arystandy-aqshamen-tamaqtandyrmaq-bo.html