RU

Таразда лауазымды полицейлердің төбелесі "інішек" деген сөзден басталған

Таразда екі бірдей әріптесін пышақтаған экс-полицей Мұрат Үмбетәлиевтің ісіне қатысты тың деректер жарияланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Пышақтасуға дейін алып барған жанжалға алты ай бұрынғы айтылған бір сөз ғана себеп болған көрінеді. Тойда «Бамбук» атымен танымал білдей подполковникке Жетпісбаев «інішек» деп, оны ренжітіп алған.

Жетпісбаев ренжіткені үшін бірден кешірім сұрапты. Алайда бұл сөзді «Бамбук» ұмыта қоймаса керек. Кезекті кеште ол Жетпісбаевқа «қуғынбай» деп тиіскен екен. Бұған Марсел Жетпісбаев үндемегенімен, кейін Бектұрғановпен «бамбукты» үйіне дейін іздеп барып, төбелес ашады.

Еске салсақ, облыстық экстремизге қарсы күрес басқармасының бастығы тамызда криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Бектұрғанов пен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевты пышақтаған еді.

Тағы оқыңыздар: 

Елімізде адамның бет-бейнесін тұмшалайтын киім түрлеріне неліктен тыйым салынбақшы?

Жаңа қырғыз президентінің басынан орамал тастамайтын әйелі мен айдай сұлу қызы туралы не білеміз? (фото)

Ақтөбеде әкім шақ келмейтін ауылда билік үшін талас болып жатыр

Алматыда із-түзсіз жоғалған 17 жастағы қыз жезөкшелер ордасынан табылды

Қалаулым бағдарламасының қатысушылары тікелей эфирде шаңырақ көтерді (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1687714-tarazda-lauazymdy-policeylerdinh-tob.html