RU

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Үш баласы бар актер Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып, жуырда ажырасып кеткендерін мәлімдеген Ақбота Сейітмағамбет бұрынғы күйеуінен хиджап киіп, үйде отырғанын қалағаны үшін ажырасып кеткенін айтты деп хабарлайды Tengrinews сайтының "The Эфир" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Егер ол кісі отбасыға деген көзқарасын өзгертсе неге қайтадан қосылмасқа? Білмедім, өзінің отбасыға деген көзқарасы басқашалау. Намаз оқитын, ұзын хиджап киіп, үйде отыратын әйелді көреді. Оның ойындағы әйел ешқайда шықпайтын, құрбыларымен араласпайтын болуы керек. Ал менің отбасыға деген өмірлік көзқарасым басқаша. Күйеуі де, әйелі де неге жұмыс істемеске? Неге басқалармен де араласпасқа? Неге бірге қол ұстасып көшеде жүрмеске? Ал ол кісінің ойы бойынша басқа. Сондықтан біз шамалы келіспей қалдық", - деді ол.

Бес жыл көлеміндегі жоспарымен бөліскен актриса екінші рет тұрмысқа шығуы мүмкін екенін айтты.

"Ертең мысалға, ертең мен өмірлік серігімді тауып жатсам, балам мені қызғанып тұрмысқа шығармай қоюы мүмкін. Үлкен кісілер де бала есін білмей тұрған кезде тұрмысқа шығып кет деп ақыл-кеңесін айтып жатады",- дейді ол.

Сондай-ақ актриса Дәуреннің бірінші жары түсірілім барысында өзін аңдығанын да айтты. Бүгінде әншіліктен кетіп, актрисалыққа бет бұрсам деген Ақбота продюсер іздеп жүрмін дейді.

Тағы оқыңыздар:

Қанат Ислам WBO рейтингінде үшінші орында қалды

Синоптиктер демалыс күндері елімізде көктайғақ болатынын айтты

Сейсмологтар Алматыдағы ең қауіпті жер сілкінісі ошақтарын атады

Гүлназ Жоланованың тұрмысқа шыққалы жатқаны рас па?

Шымкентте бүтіндей бір отбасы мүшелерінің өлі денелері табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1688044-aqbota-seyitmaghambet-dauren-khidzhap-k.html