RU

Жаңаөзенде тепловоз "ГАЗель" көлігімен соқтығысып, 6 адам қаза тапты (фото, видео)

Жаңаөзен маңындағы Теңге ауылында теміржол өткелінде тепловоз маршрутты «ГАЗель» көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан 6 адам қаза тапты деп хабарлайды "Лада" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жеті адам түрлі жарақаттармен емханаға жеткізілді. Болжам бойынша, "Газель" көлігінде 13 адам болған. Құрбан болғандардың нақты саны әлі анықталп жатыр.

"Аталған факті сотқа дейінгі тергеу реестрінде 345 ҚК  4 бабы бойынша тіркелді.

Апат орнына құзіретті қызмет пен Жаңаөзеннің құқық қорғауұйымы шықты, сондай-ақ Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Асқар Досекенов шықты. Оқиға орнында тексеру шаралары жүріп жатыр"-деп хабарлады Жаңаөзен прокуратурасының баспасөз қызметінде.

Анық болғандай, зардап шеккендердің арасында кәмелеттік жасқа толмаған жан бар.

Тағы оқыңыздар:

Қанат Ислам WBO рейтингінде үшінші орында қалды

Синоптиктер демалыс күндері елімізде көктайғақ болатынын айтты

Сейсмологтар Алматыдағы ең қауіпті жер сілкінісі ошақтарын атады

Гүлназ Жоланованың тұрмысқа шыққалы жатқаны рас па?

Шымкентте бүтіндей бір отбасы мүшелерінің өлі денелері табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1688077-zhanhaozende-teplovoz-gazel-koligime.html