RU

Қазақ қызы бокстан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

 Үндістанның Гувахати қаласында өткен бокстан жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында қазақ қызы Арайлым Бегділдә жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Арайлым Бегділдә финалда ресейлік Анатасия Рыбакты айқын жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ресей чемпионы атағына ие қарсыласы алғашқы раундта басымдық танытқанмен, кейінгі раундтарда қазақ қызының мысы басым болды.

Айта кетейік, әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының намасын он боксшы қыз қорғады. Ширек финалға сегізі шықса, жартылай финалда бесеуі бақ сынады.

Жансая Балтабекова (60 келі) мен Жансая Әбдіраимова (51 келі) жартылай финалда қарсыластарына жол беріп, қола жүлдегер атанса, Дина Исламбекова (+81 келі), Жазира Орақбаева (48 келі) күмісті қанағат тұтты.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев өмірден озды

Қапшағай тасжолындағы жол апатынан алты адам зардап шекті (фото)

Асхат Тарғынның жас әйелі әншіге ұл сыйлады

Рахат Тұрлыхановтың сұлу келіншегінің өмірі туралы не білеміз?

Қайғыдан қан жұтқан ата-ана қызының қабіріне бесік орнатып қойды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1688470-qazaq-qyzy-bokstan-alem-chempiony-atan.html