RU

Қызғаншақ әйел балалары ұйықтап жатқанда бұрынғы күйеуін бауыздап тастады

Ұлыбританияда бизнесменнің бұрынғы әйелі оған тап беріп, бауыздап өлтірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Вэй-Вэй Фу есімді бойжеткен 34 жастағы бұрынғы күйеуі Майкл Симпсонның тамағына пышақ жарақатын салып, содан кейін күйеуінің жаңа ғашығы Рэйчел Линді де жарақаттаған. Рейчел ауыр халде емханада жатыр.

Майкл болса пышақ соққысынан кейін бірнеше минуттың ішінде тіл тартпай кеткен. Вэй-Вэй бұл қылмысы үшін 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал қылмыс болған сәтте жатын бөлмесінде ұйықтап жатқан балаларды бүгінде Вэй-Вэйдің ата-анасы өз қамқорлығына алған. Марктың отбасы жеті жасар Джек пен төрт жасар Алисаны наурыздан бері көрмеген. Олар балаларды өз тәрбиесіне алу үшін сотқа жүгінбек.

Майкл Қытайда 2009 жылдан бері тұрып келген. Ол мұнда дүкен сатушысы болып жұмыс істеген Вэй-Вэймен танысып, некесін қияды. Некеден екі бала сүйген азамат 2015 жылы Вэй-Вэймен ажырасып кеткен.

Тағы оқыңыздар:

Әлемдегі ең сұлу бойжеткен анықталды (фото)

Отбасылы еркекке ғашық болған Ділназ Ахмадиева қыздарды тоқал болмауға шақырды

Шұжық цехына 69 келі есек етін өткізгендер жұртты шошытты

Сәкен Майғазиевтің жас кезіндегі суреті елді күлкіге қарық қылды (фото)

Таразда "әйелін өлтіріп, денесін қалай жасырғанын айтқан" азамат ақталып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1688657-qyzghanshaq-ayel-balalary-uyyqtap-zhatq.html