Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Майра Мұхамедқызының көмекшісі әншіден сұхбат алу үшін 3000 доллар сұрады

Опубликовано:

Қазақ опера өнерінің падишасы Майра Мұхамедқызының көмекшісі əншіден сұхбат алу үшін NUR.KZ порталынан 3 мың доллар талап етті. Əншінің көмекшісі бұл əрекетін тілшіге "сұхбатты жариялауға дайындап береміз, мұндай эксклюзивті сұхбатты тілшілерге бұдан бұрын беріп көрмеген едік" деп түсіндірді.

Осыдан бірер апта бұрын қазақ опера өнерінің майталманы Майра Мұхамедқызына хабарласып, əншіден сұхбаттасу туралы өтініш білдірген едік. Алайда, өнер иесінің Гүлмира есімді көмекшісі алғашында Майра Мұхамедқызында "уақыт тапшы, қолы босай сала сұхбатты ұйымдастырамын" десе, кейін "əншінің бос уақыты жоқ, барлық сұрақтарды "Wats'app"-қа жіберсеңіз, тез арада жауап беретін боламыз" деген еді.

Десе де, жауап беруге асықпаған өнер майталманына тағы да қоңырау шалып, сұхбат сұрақтарына "тез арада жауап бере ала ма?" деп қолқа салуға тура келді. Ал өнер иесінің көмекшісі Гүлмира ханымның өз айтары болды. Ол əншіден эксклюзивті сұхбат алу үшін, порталдан 3 мың АҚШ долларын төлеуді талап етті.

"Біз бұрын-соңды мұндай сұрақтарға жауап беріп көрмеппіз, сондықтан, 3 мың доллар төлесеңіздер, барлық материалды өзіміз əзірлеп беруге дайынбыз", - деді əнші көмекшісі.

Ал, тілшінің "бұл соңғы "ставкаңыз ба", соманы төмендетпейсіз бе?" деген сауалына "2500 доллар, көп болса 500 доллар түсе аламыз",- деп жауап берген.

Портал тілшісі əлгіндей сомаға сұхбат ала алмайтынын айтып, əншімен тілдесуден бас тартты.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ беттерінде Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жары Жұлдыздың Әбдікәрімованың сұхбатын 50 мың долларға бағалағаны туралы ақпарат тараған.

Тағы оқыңыздар:

18 жастағы студент Қостанайдың ең сұлу аруы атанды (фото)

Роза Бағланованың келіні әлемге танылған енесінің қандай екенін айтып берді (фото)

Ақтөбелік кейуана туған ұлына миллиондап қарыз беремін деп санын соғып қалған

Күйзеліске ұшыраған азамат жеті келі темір жұтып қойды

Ердоған: Маған тағылған айып дәлелденсе, отставкаға кетемін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1688846-belgili-opera-anshisi-mayra-mukhamedqy/

pixel