RU

Ақтау түрмесінен қашқан 21 адамның қанды оқиғасы туралы фильм түсірілуде

«Хабар» телеарнасы және «Аю Синема» компаниясы қаңтар айында көрерменге шынайы оқиғаға негізделген картина ұсынады. «Побег» деп аталатын жаңа телехикаяның режиссері Серікбол Өтепберген.

Экшн жанрындағы 5 бөлімді туынды 2010 жылы Ақтау түрмесінен қашқан 21 адамның қанқұйлы оқиғасы туралы баяндайды.

Фильмнің бас режиссері Серікбол Өтепберген: «Бұл жобаны түсірудегі басты мақсатымыз – Ұлттық ұланның шынайы бет-бейнесін көрсету, олардың қандай ерлік жасауға дайын екендіктерін паш етіп, жастарды әскери борышын абыроймен өтеуге шақыру», – дейді.

Телехикая шынайы оқиға ізімен түсіріліп жатқандықтан шығармашылық ұжым Алматы облысындағы түрмелердің біріне барып түсрілім жұмыстарын жүргізген.

Фильмнің басты кейіпкерлері бала кезден дос болып өскен Ерлан мен Қайрат. Бірі – Ұлттық ұланның әскери қызметкері болса, екіншісі теріс ағымдағы дін өкілдерінің ықпалына түскен қылмыскер.

Қылмыскерлер ұзақ дайындықтан кейін түрмеден қашуға бел буады. Алайда бұл әрекеттерінің соңы қалай боларын кинодан көруге болады. Ал, суреттегі қашу алдындағы дайындық кезі.

Режиссер Серікбол Өтепберген актерлерге рөлдері туралы түсіндіріп, әр кадрдың сәтті шығуын тескеріп жатқан кезі.

Фильмде әр кейіпкердің маңызы зор. Картинаның сәтті шығуы олардың образы, сөзі мен іс-қимылына тікелей байланысты болады.

Басты рөлдерді Саят Исембаев, Қажымұқан Қалымбетов, Санұржан Сүлейменов сынды актерлер сомдайды.

Айта кетейік, картинаны еліміздің барлық кинотеатрларында көрсету жоспарлануда. Сонан кейін ғана «Хабар» арнасының көрермендері телехикая нұсқасында көре алады.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1689172-aqtau-turmesinen-qashqan-21-adamnynh-qanq.html