RU

Халал атын жамылған шұжық өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылды

Елімізде халал атын жамылып, шұжық өнімдерін шығарып жүрген 11 кәсіпорынның әрекетті әшкере болды. Олардың өнімдерінің құрамынан шошқаның ДНҚ-сы анықталған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жыл басында Денсаулық сақтау министрлігі 36 мың өнімді алып, майшаммен құрамын зерттеуге кіріскен екен. Оған қазынадан 60 млн теңге қаржы бөлінген.

Осылайша, 29 мың өнімнің 2138-і талапқа сай болмай шықты. Халалдың арамға айналуына ет комбинатындағы өнімдердің бір құрылғыдан шығатыны себеп екен. Технологиялық талап бойынша, аппарат тазаланып тұруы тиіс.

Тұтынушыларды алдаумен пайдаға қарық болуды көздеген кәсіпорындарға 21 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, мұның алдында ресейлік компаниялардың шұжығынан жаппай шошқа еті табылып еді. Бұл жолы шұжықпен қатар, көрші елдің «Халал» белгісі басылған сиыр консервілерінің ішінен де шошқа еті табылған.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе облысындағы шағын ауыл жұртшылығы жас имамға көлік мінгізді

Мемлекеттік мекемедегі "КСРО көсемі" Қызылорда тұрғындарының ашуына тиді (фото)

Ақмола облысында ер адам өзі ұрлаған сейфті қайда жасырғанын ұмытып қалған

Бақилық болған ресейлік әншіні тыңдармандары қол шапалақтап шығарып салды (видео)

Энергетика министрі қыста бензин бағасын реттей алмайтынын айтып ақталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1689572-khalal-atyn-zhamylghan-shuzhyq-onimderine.html