RU

Таиландта піл өзінің иесін өлтіріп, мәйітін тығып тастаған

Таиландта өз иесін өлтірген піл құрбанының денесін бұтақтардың астына тығып тастаған. Ер адамның туыстары оның мәйітін бірнеше сағаттан соң ғана тапты деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 26 қараша күні елдің оңтүстігіндегі Краби провинциясындағы Кхао Пханом ауданында болыпты. Полиция мәлімдеуінше, туған-туыстары 50 жастағы Аморн Моракоттың денесін шынжырланып тұрған пілінің жанындағы бұтақ үйіндісінің арасынан тауып алған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам бас және денеге жасалған соққылардан қайтыс болған. Сол күні Моракот күні бойы ағаш тасыған пілін шынжырлап байламақшы болыпты.

Фермер бірнеше сағат көрінбей кеткендіктен, туыстары оны іздеуге шыққан. Жақындарының айтуынша, хайуан бұған дейін де иесіне шабуыл жасап, жарақаттаған.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе облысында шағын ауыл жұртшылығы имамға көлік мінгізді

Халал атын жамылған шұжық өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылды

Ақмола облысында ер адам өзі ұрлаған сейфті қайда жасырғанын ұмытып

Шымкенттік дінтанушы Атамбаевты Кәрімовтен кешірім сұрап, дұға тілеуге шақырды

Мемлекеттік мекемедегі "КСРО көсемі" Қызылорда тұрғындарының ашуына тиді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1689658-tailandta-ozin-shynzhyrlap-baylamaq-bo.html