RU

Қазақстанда түрік жігіттеріне тұрмысқа шығатын қазақ қыздары көп болып шықты

2008 жылдан бастап 2017 жылдың 10 қарашасына дейін елімізде 70207 аралас неке тіркелген. Қазақстандық 40908 ер азамат өзге ұлттың өкілін өзіне серік етсе, 29299 қазақстандық қыздар өзге елдің азаматына тұрмысқа шыққан. Бұл туралы "Ана тілі" газеті жазады.

Осы деректерге нақтырақ тоқтала кетейік. 2016 жылы ер азаматтарымыз қытайдың 66, Ресейдің 1067 азаматшасымен неке қидырса, қыз­дарымыз 62 – қытай, 189 – түрік, 858 – ресейлік азаматқа тұрмысқа шыққан.

Ал биылғы жылдың 10 қара­ша­сына дейінгі мәліметтер төмендегідей:

Тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздар: Қытай – 41; Түркия – 126, Ресей – 786.

Керісінше, өзге ұлттан өзіне жар таңдаған қазақстандық ер азаматтар: Қытай – 39, Ресей – 912, ал Түркия елінің азаматшасымен неке қиылмаған.

Бұл ресми дерек қана. Ал тіркеуге тұрмаған, азаматтық некеде жүрген қаракөздеріміз бұдан да көп болуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Таиландта піл өзінің иесін өлтіріп, мәйітін тығып тастаған

Еліміздің кей облыстарында тұман болып, көктайғақ күтіледі

Ақтөбе облысындағы шағын ауыл жұртшылығы жас имамға көлік мінгізді

Кәмшат Жолдыбаеваның Айқынмен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті 

Қырғызстанда түрмеден қашып кеткен аса қауіпті қылмыскерлер табылмай жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1689753-qazaqstanda-qyzdargha-qaraghanda-ozge.html