RU

Үздік модель атанған қазақ қызы халықаралық көрмеге Гермaнияның атынан қатысады

"Көкшетау аруы-2015" атанған Жанна Хайрулина Германиядағы WorldTopModel байқауында үздік модель атанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Қазақстан аруы" байқауының ресми аккаунтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанна Хайрулина 25 қараша күні Германияның Дюссельдорф қаласында өткен WorldTopModel байқауында үздіктер қатарынан табылды. Байқау төрешілері оны үздік модель деп таныған.

"Енді қазақстандық модель ағымдағы жылдың желтоқсанында Мажарстан астанасы Будапештте өтетін WorldTopModel халықаралық модельдер көрмесінде Германияның атынан шығатын болады", - деп жазылған байқау хабарламасында.

Бүгінде Жанна Германияның «Дюйсбург Эссэн» университетінде бұқаралық ақпарат құралдары факультетінің магистратурасында білім алып жүр.

Тағы оқыңыздар:

Таиландта піл өзінің иесін өлтіріп, мәйітін тығып тастаған

Еліміздің кей облыстарында тұман болып, көктайғақ күтіледі

Ақтөбе облысындағы шағын ауыл жұртшылығы имамға көлік мінгізді

Кәмшат Жолдыбаеваның Айқынмен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті 

Қырғызстанда түрмеден қашып кеткен аса қауіпті қылмыскерлер табылмай жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1689800-qazaq-qyzy-germaniyadaghy-sululyq-bayq.html