RU

"Тағдыр тәлкегі": Көкшетаулық азамат басқа біреудің үйіне кіріп кетіп, ұйықтап қалған

Көкшетауда басқа біреудің үйіне кіріп кеткен мас ер адам сол жерде ұйықтап қалған. бұл туралы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

26 қараша күні Красный Яр ауылының 38 жастағы тұрғыны Көкшетау ІІБ кезекші бөліміне арызданған. Ол үйіне бөтен адам түскенін, алайда үйден еш зат ұрланбағанын айтады.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 44 жастағы ауыл тұрғынын қолға түсірді.

Анықталғандай, сол күні үйіне мас күйінде келе жатқан ер адам бөтен үйдің терезесін сындырып, ішіне кірген. Үй иесі ұйықтап қалған бөгде адамды көрісімен бірден полицияға хабар береді.

Ұсталған азаматты полицейлер бөлімшеге жеткізді. Ол мас болғандықтан үйін шатастырып алғанын айтқан.

Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 149-бабы 1-бөлімі (тұрғын үйге қолсұғушылық) негізінде іс қозғалды.

Оған 300 АЕК көлемінде айыппұл салынып, түзету жұмыстарына немесе 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін немесе 75 тәулікке қамауға алу түрінде жаза қолданылады.

Тағы оқыңыздар:

Таиландта піл өзінің иесін өлтіріп, мәйітін тығып тастаған

Еліміздің кей облыстарында тұман болып, көктайғақ күтіледі

Ақтөбе облысындағы шағын ауыл жұртшылығы имамға көлік мінгізді

Кәмшат Жолдыбаеваның Айқынмен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті 

Қырғызстанда түрмеден қашып кеткен аса қауіпті қылмыскерлер табылмай жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1689858-taghdyr-talkegi-kokshetaulyq-azamat-ba.html