RU

Мейрамбек Беспаев "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасын сынағандарға жауап берді

Мейрамбек Беспаев Хабар арнасында өтіп жатқан "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасын қатаң сынап, әншілер бір-бірін мақтай береді деуші көрерменге желідегі парақшасында жауап берді. Әртістің айтуынша, өнердегі әріптестер, өмірде бауырлар. Сол себепті сарапшылар оларға қатты сөз айтпайды.

"Құрметті ағайын, қазір "Жұлдызды жекпе-жек" сайысына байланысты xалық арасында әртүрлі пікір бар екенін оқып жүрмін. Еліміздің ең таңдаулы әншілері қатысқан сайыс болған соң олай болуы заңды да. Себебі, сайысқа қатысушылардың барлығы өздерін дәлелдеген, өз тыңдармандарын қалыптастырған, өз жанкүйерлері бар танымал өнерпаздар. Олардың барлығы да менің жақын бауырларым. Ешқайсын бөліп-жармаймын. Олардың әрбірі үшін менің де жаным ауырады. Бірақ сайыс болған соң біреу озу керек, біреу қалу керек. Заңдылық солай. Жекпе-жектің сарапшыларына да қазақ эстрадасында өзіндік оны бар әншілер шақырылады",-дейді ол.

Мейрамбек сарапшылар қатысушылардың жақсы қырын байқағанда тұрған ештеңе жоқ дейді. Басты мақсат- халыққа эстетикалық ләззат сыйлау екенін алға тартады.

"Егер олар сайысқа қатысушылардың жақсы қырларын байқап, айтып жатса оның несі айып? Бұл сайыстың мақсаты өздерін бұдан бұрын дәлелдеп қойған әншілердің кемшілігін іздеу емес. Мақсат xалыққа жанды дауыста өнер көрсетіп, эстетикалық ләззат сыйлау. Сол үдеден шығып жатыр деп ойлаймын. Бұл сайыс формасында ұйымдастырылған ән өнерінің жәрмеңкеңкесі десе де болады.

Осы сайысты ұйымдастырғандағы ойымыз да өнерде жүрген бауырлардың бірлігін көрсету, ұлттық эстрадамыздың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу болатын. Сондықтан кім озса да қазақ озады, қазақ эстрадасы озады. Жан-жаққа тартпай ауызбірлікте болайық! Сіздер менің бұл бастамамымды қолдайды деп сенемін. Әр қазақ - менің жалғызым! Баршаңызға Алла жар болсын!",- деп жазды әнші.

Тағы оқыңыздар:

Таиландта піл өзінің иесін өлтіріп, мәйітін тығып тастаған

Еліміздің кей облыстарында тұман болып, көктайғақ күтіледі

Ақтөбе облысындағы шағын ауыл жұртшылығы имамға көлік мінгізді

Кәмшат Жолдыбаеваның Айқынмен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті 

Қырғызстанда түрмеден қашып кеткен аса қауіпті қылмыскерлер табылмай жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1689969-meyrambek-bespaev-zhuldyzdy-zhekpe-zhek.html