RU

Шығыс Қазақстанда оқушы төрт жасар ұл баланы зорлап тастады

Шығыс Қазақстанда 15 жастағы оқушы төрт жасар баланы аяусыз зорлап тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жеткіншек дамуы қалыс қалып қойған балаларға арналған түзету сыныбында оқып жүргеніне қарамастан, өз әрекетіне есеп бере алатын күйде болғаны анықталды.

Балалар порносын тым көп көріп қойған оқушы көрген-білгенін шынайы өмірде қайталамақ болған. Кішкентай балаға көзі түскен жеткіншек оны жаңа ойын көрсетемін деп алдап, үйіне шақырады.

15 жастағы оқушы осылайша арам ойын іске асыруға көшіп, төрт жасар баланың киімін жыртуға кіріседі. Ол айқайы мен қарсылығына қарамастан, баламен жыныстық қатынасқа түсуге тырысады.

Жеткіншектің ойын соңына дейін жеткізуіне оқиға куәгері кедергі келтірген. Баланың айқайын естіген келіншек көмекке жүгіріп келіп, зардап шеккен баланы оның анасына алып барады. Бүлдіршіннің анасы бірден полиция шақыртып, сегізінші сынып оқушысы қамауға алынды.

Полицейлер оны сұрақтың астына алып, қажетті сараптамалар жасатқан. Жеткіншек қылмысқа баруының себебін түсіндіргенде, өзі көрген видеоларда жыныстық қатынасқа түсу барысы бәріне ләззат сыйлағанын алға тартыпты.

"Сот жеткіншекті Қылмыстық кодекстің 121 бабы бойынша кінәлі деп тауып, оған жеті жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген сотта.

Жеткіншек жазасын кәмелетке толмағандардың колониясында өтейтін болады. Оның отбасы зардап шегуші тарапқа моральдық нұқсан үшін өтемақы төлеуге міндеттелді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ қызы Германиядағы сұлулық байқауында үздік модель атанды

Ақтөбелік шенеунік қартайған дәрігерлерден құтыла алмай отырғанын айтып берді

Ернар Айдар дәрігерлер билеуге тыйым салса да, басын қауіпке тігіп шоу жасамақшы

"Тағдыр тәлкегі": Көкшетаулық азамат басқа біреудің үйіне кіріп кетіп, армансыз ұйықтаған

Екінші әйел әкелемін: Ақтаулық аяғы ауыр келіншекті күйеуі үш баласымен үйден қуып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1690022-shyghys-qazaqstanda-oqushy-tort-zhasar-ul.html