Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда өз атынан бас тартып, арабша есім таңдайтын адамдар көбейген

Опубликовано:

Ақтауда жыл басынан бері 205 адам өзінің азан шақырып қойған есімін өзгертіп тастаған. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтау" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл азаматтардың 10 пайызға жуығы өз есімдеріне көңілдері толмай, заманауи есімдерді таңдаған көрінеді. Ал, қалғандары діни көзқарастарына байланысты аттарын арабшаға ауыстырыпты. Сондай-ақ, шетелдік жігітпен тұрмысқа құрған келіншектер де жұбайларының қалауымен есімдерімен қоса жеке куәліктерін өзгертеді екен.

"Бала 10 жасқа толғанша төлқұжаттағы есімі мен тегін өзгертуге болады. 16 жасқа толып, жеке куәлік алғаннан кейін ол азамат ХҚКО-ға өзі барып та атын өзгертуге байланысты өтініш қалдыра алады. Бұл процесс қазір біршама уақытты алады. Алайда, болашақта тек 2 сағатта ғана жұмысты бітіруге болады", - дейді Ақтау қалалық АХАЖ бөлімінің басшысы Айша Елемесова.

Жергілікті имам-молдалардың сөзінше, қазір қазақстандықтардың кейбірі жаңа туған сәбилеріне ешқандай мән-мағынасы жоқ атаулар қоя бастаған. Мәселен, жуырда ғана Астана тұрғыны баласына Бәйдібэкспо деген есім берген. Сондай-ақ, Саммит, Азиада секілді де атаулар кездеседі.

"Балаларына мән-мағынасы жоқ есім беру дұрыс емес. Сәннің соңынан қууға болмайды, балаға мағынасы бар, ертең өзі ұялмайтын ат қою керек", - дейді Маңғыстау облыстық Орталық мешітінің бас имамы.

АХАЖ бөлімінің мәліметінше, Ақтауда 2017 жылы 7 мың сәби дүниеге келіпті. Оларға ата-аналары көбінесе Әлихан, Дінмұхаммед, Раяна, Кәусар деп ат қойған.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ қызы Германиядағы сұлулық байқауында үздік модель атанды

Ақтөбелік шенеунік қартайған дәрігерлерден құтыла алмай отырғанын айтып берді

Ернар Айдар дәрігерлер билеуге тыйым салса да, басын қауіпке тігіп шоу жасамақшы

"Тағдыр тәлкегі": Көкшетаулық азамат басқа біреудің үйіне кіріп кетіп, армансыз ұйықтаған

Екінші әйел әкелемін: Ақтаулық аяғы ауыр келіншекті күйеуі үш баласымен үйден қуып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1690043-aqtauda-oz-atynan-bas-tartyp-arabsha-es/

pixel