Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз болғысы келген өскемендік қазақ жігіті елден көмек сұрады (фото)

Опубликовано:

Өзінің қыз екенін айтып, жынысын ауыстырғысы келген қазақ жігіті көпшіліктен көмек сұрады. Шын есімін жасырып «Лола» атын жамылған ер азамат Бірінші арнадағы «Пендеміз ғой» ток шоуында ағынан жарылып, жынысынан безінетінін жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Мен өзім Өскемененнің қазағымын. Маған жігіттер 7-9 сынып оқып жүргенде ұнай бастады. Менің табиғатым әйел болуды қалайтынын сол кезде түсіндім. Осы жайтты айтып ата-анаммен ақылдасқанымда олар маған ұрсып берді.

Мен шын атымды айтқым келмейді. Елдің бәрі мені еркек деп қабылдағанын да ұнатпаймын. Арманым жынысыма ота жасатып, әйел болу. Сосын медицина арқылы дауысымды және төл құжатымды өзгерткім келеді», - деп армандады Лола.

Әйелдің көйлегін киіп, шаш өсірген жігітті жерлестері жақтырмаған. Тіпті көшеде жүрсе ұрып, балағаттаған да кездері бар. Оған Лоланың еті үйреніп кетіпті.

Алайда өмірін қаншалықты қатерге тіксе де ол алған бетінен қайтпай, әйел болам деген арманынан бас тартпайтынын жасырмады.

«Тоғызыншы сыныпты бітіргенге дейін тек қыздармен ойнайтын едім. Ұлдар мені басында «қызтеке» деп мазақтап, артынша мүлдем араласпай қойды. Ашық «гей» деп айыптады. Бірақ маған бәрібір. Өзімді қыз деп санайтындықтан, ондай сөзді намыс санамаймын. Сондай-ақ құдайға сенемін және осындай әрекетім үшін өзімді кінәлімін деп санамаймын», - деп ағылан жарылды Лола.

Трансгендердің елден көмек сұрауына қаражат тапшылығы түрткі болған. Себебі жынысын ауыстыруға және гармонын өзгертуге қыруар қаржы керек екен.

Алайда дәрігерлер жынысын өзгерткен адам ұзақ өмір сүрмейтінін алға тартты. Себебі, табиғи денені өзгерту өте зиян. Денсаулығын қалпына келтіру үшін мұндай азаматтар бағасы қымбат препараттарды үзбей ішу керек екен.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ қызы Германиядағы сұлулық байқауында үздік модель атанды

Ақтөбелік шенеунік қартайған дәрігерлерден құтыла алмай отырғанын айтып берді

Ернар Айдар дәрігерлер билеуге тыйым салса да, басын қауіпке тігіп шоу жасамақшы

"Тағдыр тәлкегі": Көкшетаулық азамат басқа біреудің үйіне кіріп кетіп, армансыз ұйықтаған

Екінші әйел әкелемін: Ақтаулық аяғы ауыр келіншекті күйеуі үш баласымен үйден қуып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1690123-qyz-bolghysy-kelgen-oskemendik-qazaq-zh/

pixel