RU

Instagram-да өзін бақытты етіп көрсетуден шаршаған қыз өзіне қол салды (фото)

Ұлыбританияда 18 жастағы бойжеткен өзіне қол салды. Ол Instagram-да өзін бақытты етіп көрсетуден шаршағандықтан, осындай қадамға барған. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен өзінің қазасына дейін екі күн бұрын ғана желіде бақытты кейіптегі фотосымен бөліседі. Қыздың жақындары мен достары оның күйзелісте болғанын байқамағанын айтуда.

18 жастағы Зейнеп Пэтти Челмсфордта білім алып жүрген. Бойжеткен желіде достарымен қыдырып, көңіл көтеріп жүрген, шаттыққа толы фотоларды жиі жүктеп келіпті. Алайда мұның бәрі ойдан шығарылғаны анықталған.

Достарынан әлдеқайда бақытты екенін көрсетпек болған ару, ақыры өз өтірігінен шаршап, өзіне қол салады. Ал Зейнептің отбасы бұл жайттан мүлде бейхабар болған.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда қарулы жиһадқа шақырған қылмыстық топ ұсталды (фото)

Баян Есентаева: Құранды ер адам жазғанын нақты білемін (видео)

ІІМ: Енді ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге тұруға болады

Мұндай нан өте дәмді: Қара шегіртке қосылған нан саудаға шықты

Instagram-да өзін бақытты етіп көрсетуден шаршаған 18 жастағы бойжеткен өзіне қол салды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1690473-instagram-da-ozin-baqytty-etip-korsetuden-shar.html