RU

Мұндай нан өте дәмді: Қара шегіртке қосылған нан саудаға шықты

Финляндияда жергілікті компаниялардың бірі қара шегіртке қосылған нан пісіріп, дүкендерге шығара бастады деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Мұндай нан өте дәмді әрі пайдалы. Өйткені ақуызға бай. Бұл нанды қара шегіртке қосып, ұнмен араластырып жасаймыз", - дейді наубайхана иесі Маркус Хеллстом.

Бірлестік оны дайындау әдісін өткен жылдың жазынан бері әзірлеген. Жобаны жүзеге асырушылардың айтуынша, құрт-құмырсқа мен қоңыз-шаянды жегеннің еш зияны жоқ.

Себебі оларды қазірдің өзінде әлемде екі миллиардтан астам адам күнделікті тұрмыста тұтынады.

Қарашаның бас кезінде Финляндия билігі жәндіктерді тағамға қосуға рұқсат берген Еуропадағы бесінші ел болып тіркелді.

Ал жәндік қосылған нанның құны әдеттегі наннан біршама қымбат екен. Бағасы 4 еуро тұрады.

Тағы оқыңыздар:

Сағынтаев: "Арсилор Миталл Теміртаудағы" жағдайға баса мән беруді талап етемін

Абаев жасырын пікір жазушыларға неге тыйым салынатынын түсіндірді

Ақтөбелік тұрғын өзінің басын жарып қойған әйелінен тезірек құтқаруды сұрады

Салтанат Бақаева бала күтушісінің өзін қалай тонап кеткенін айтты

Белгілі отандық әнші келіншегін актриса ретінде сахнаға шығармайтынын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1690500-munday-nan-ote-damdi-qara-shegirtke-qos.html