RU

Астаналықтарды қаланың бірқатар ауданын жаулап алған "қою тұман" шошытты (фото)

Бүгін Астананың бірқатар аудандарын қою тұман басып, қала ішіндегі қозғалысқа кедергі келтірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Астананың кейбір аумақтарын бүгін қою тұман басып, тұрғындарды дел-сал қылды. Астаналықтар, əсіресе табиғаттың бұл тосын құбылысын тұман ба, əлде көк түтін бе дал болды.

"Астанада бұрын-соңды мұндай тұман болмаған. Көріп тұрсыздар ғой, тіпті мына тұрған жердегі үйлер көрінбейді. Əлде бұл қаланы жайлаған көк түтін бе? Түтіннің де иісі байқалады, көрдіңіз бе? Мүмкін, күн суытқалы бері отын жаға бастаған үйлердің түтіні ме, түсініксіз. Əсіресе, кешке таман тұман қоюлана түсті", - деп өз əсерімен бөлісті қала тұрғыны Айбар.

Қалың тұман, əсіресе, халық көп шоғырланған "Əзірет Сұлтан" мешіті аумағында байқалды. Бір қызығы, қаланың оң жағалауында мұндай тұман мен көк түтін аңғарылмады.

"Түтін ғой, қыс басталса болды жұрт отын жағады да, қаланы осылай көк түтінге айналдырады жəне күн де бір жылынып, бір суып тұр. Соның салдарынан аздап тұман түскені де бар. Қысқасы, бəрі де бар: түтін де, тұман да", - дейді елордалық Кəмшат Есалиева.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда қарулы жиһадқа шақырған қылмыстық топ ұсталды (фото)

Баян Есентаева: Құранды ер адам жазғанын нақты білемін (видео)

ІІМ: Енді ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге тұруға болады

Мұндай нан өте дәмді: Қара шегіртке қосылған нан саудаға шықты

Instagram-да өзін бақытты етіп көрсетуден шаршаған 18 жастағы бойжеткен өзіне қол салды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1690602-astanalyqtardy-qalanynh-birqatar-aud.html