RU

Ділназ Ахмадиева әкесінің қандай адам екенін айтып, көз жасын тыя алмады

Эстрада әншісі  Ділназ Ахмадиева "Әкем туралы" жобасында әкесі, танымал әнші, депутат әрі өнер қайраткері Мұрат Ахмадиев туралы естеліктерін айтып, оның қандай болғанын ашық айтты. Әкесінің өзіне деген қамқорлығын еске алған жұлдыз көз жасын тыя алмады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Менің әкем әлемдегі ең жақсы әке, менің әкем ең дарынды әкелердің бірі. Сонымен бірге менің әкем өте сезімтал әке. Менің әкем - өте еңбекқор, өмір бойы ол жақындарының бақыты үшін жұмыс істеп келген адам. Оның осы үшін қатты сыйлап, жақсы көремін.

Менің әкем менің өмірге келуімді қатты күтті. 7-8 жасымда ол маған: Мен сені Алладан сұрап алдым дейтін. Негізінде менің анам мені босанар кезде қатты қиналған. Қиналғаны соншалық, дәрігерлер оған тіпті оның босануына кедергі келтірмек болған. Алайда әкем менің өмірге келуімді қатты тілеп, анамды тәуекелге баруға көндірген екен. Осылайша мен өмірге келдім. Бірақ анамның да, менің де жанымды дәрігерлер әзер аман алып қалған. Анам мені өмірге әкелген соң ол қатты күйзеліске түскен.

Анама не болғанын ешкім түсінбей әлек болған. Анам мені тек біржарым айыма дейін ғана емізген екен. Міне, сол кезден бастап мені әкем толықтай өзі тәрбиелеп, бағып, күтті. Жеті жасыма дейін ол менің жанымда жатып, мені өзі жуындыратын. Өте ерке болдым. Ол маған әке де, ана да болды. Тіпті он алты жасымда ата-анам ажырасқан кезінде де мен әкемнің жанында қалдым. Анам Ташкенттегі туыстарына кетіп қалды, ал мен әкеммен Алматыда қалдым", - деп есіне алды ол.

Сонымен бірге ол әкесінің өзінің біліміне қосқан үлесін, айтқан кеңестері мен тыйымдары туралы айтты.

Әкесінің өзіне деген мейірімі туралы айтқан әнші эфирде көз жасын тыя алмады.

Әкесіне алғыс айтқан ол оған деген махаббатын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1690954-ata-anasy-azhyrasyp-ketken-dilnaz-akes.html