RU

Төсек қатынасы кезінде қолынан телефон тастамайтындардың саны көбейіп жатыр

Ғалымдар жерлеуде және жыныстық қатынасқа түсу кезінде ұялы телефондарын қолынан тастамайтындардың саны артып келе жатқанын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

iPass компаниясының зерттеушілері Еуропа мен АҚШ-тағы 1700-ден астам тұрғынның арасында сауалнама жүргізіп, олардың смартфонды қай уақыттарда қолданатынын анықтауға тырысқан.

Нәтижесінде ұялы телефондарға деген адам тәуелділігі күн санап артып жатқаны анықталды. Оның үстіне смартфонды өмірдің кез-келген сәтінде қолдана беретіндердің қарасы көп болып шықты. Адамдар, тіпті жыныстық қатынас кезінде және жерлеу кезінде ұялы телефондарын қолдануды ерсі санамайды екен.

Сауалнамаға қатысқандардың 84%-ы жыныстық қатынас кезінде телефонын қолданатынын, ал жеті пайызы, тіпті телефонына тесіліп, әлеуметтік желілерді ақтаратынын мойындаған. Тағы 70%-ы ұялы телефоны Wi-Fi желісіне қосылмаса, күйзеліске түсетіндерін алға тартыпты.

Тағы оқыңыздар:

Шенеуніктер Қазақстан намысын қорғайтын кәріс қызына Әлия Молдағұлованың атын берді

Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Ділназ Ахмадиева әкесінің қандай адам екенін айтып, көз жасын тыя алмады

Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында куәгердің бірі сөзінен айнып қалды

Қытайдағы қазақтардың жанайқайына шенеуніктер енді құлақ асты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1691095-uyaly-telefondaryna-tesilip-zhynystyq.html