RU

"Ислам мемлекетіне" секс-құлдыққа түскен ару азапты күндері туралы айтып берді

"Ислам мемлекетіне" секс-құлдыққа түскен 24 жастағы бойжеткен Надя Мурад басынан өткерген қорқынышты жайттарды айтып, жанайқайын жеткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ирактың Күрдістанында тұратын Надя Мурад ауылына жасалған шабуылдан кейін "Ислам мемлекеті" жауынгерлерінің құлдығына түскен. Олар бойжеткенді ұзақ уақыт зорлап, азаптаған.

"Ислам мемлекеті" 2014 жылы бойжеткеннің ауылын жермен-жексен етіп, Надяны секс-құлдыққа жегеді. Надяның айтуынша, секс-құлдыққа тап болған арулардың дені өзіне қол салып, өмірмен қош айтысуды армандаумен болады. Себебі, ең қатыгез жауынгерлерге сыйлық ретінде берілетін құлдықтағы қыздар адам төзгісіз азаптауларға тап болады екен.

"Жауынгерлердің ережелерінде секс-құлдықтағы қыздарды қожайыны сатуға не өзгеге сыйлауға құқы бар екені жазылған. Ең сорақысы, оларға кәмелетке толмаған қыздармен де жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат етілген", - дейді Надя.

Бойжеткен өзіне қол салудың орнына құлдықтан қашып құтылу үшін бар күшін салады.

"Бөлмеге алып ер адам кіріп келіп, мені өзінің құлы етіп таңдағанда, зәре-құтым ұшты. Ол құбыжыққа ұқсайтын. Әлдеқайда кішірек келетін өзге жауынгерді мені өзіне алып алуға көндірдім. Маған құл деген құжат әзірлеп, Хаджи Салман есімді жауынгердің үйіне көшіп бардым. Ол "Ислам мемлекетінің" белді судьясы болып шықты. Мен оның төртінші құлы екенмін. Ол жыныстық қатынас кезінде көзімді жұмсам, мені ұрып-соғатын", - дейді Надя.

Бүр күні терезе арқылы қашпақ болған Надя күзетшінің қолына түсіп қалады. Күзетші бұл жайтты қожайынына жеткізіп, Хаджи Салман Надяны жазаға тартқан. Ол өзінің алты жауынгеріне бойжеткенді алма-кезек зорлауға бұйырыпты.

Бір апта бойы алты жауынгердің зорлығы мен ұрып-соғуларына төзіп келген Надя ақыры өзге жауынгердің қолына өтеді. Қолдан-қолға өтіп жүрген сәтінде қашуға мүмкіндік алған ару "Ислам мемлекеті" аймағында тұратын жанашыр азаматтарға тап болады.

"Ислам мемлекетінің" саясатымен келіспейтін азаматтар Надяның шекарадан өтуіне көмек көрсетеді. Нассер есімді азамат оған жалған құжат әзірлеп, өз көлігімен шекарадан алып өткен.

Ол әр тексеріс бекетінде Надяны өзінің жары екеніне сендіреді. Осылайша босқындар лагеріне дейін жеткен Надяны қаралы хабар күтіп тұрды. Жауынгерлер ауылға шабуыл кезінде Надяның анасын, бес бірдей туған ағасын өлтіріп кеткен. Одан бөлек екі туған әпкесі құлдыққа түскен екен.

Бүгінде Надя сексуалдық құлдыққа түскен қыздардың ауыр тағдыры туралы кітап жазып, "Ислам мемлекетіне" қарсы ақпараттық күрес жүргізуде.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында 4 баласын үйге қамап, қаңғып кеткен келіншек шенділердің жағасын ұстатты

Алтынай Жорабаева: Ләйлә Сұлтанқызы намысыма тигенде еңіреп жылап жібердім

Баян: Мұстафа Шоқайдың кезінде өмір сүрсем, оны ғашық ету үшін барымды салар едім

Ақтөбеде мектептен қайтқан оқушыға қаңғыбас ит тап берді (фото)

Әйел адам өзі тапқан табысын күйеуіне беруге міндетті ме?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1691199-islam-memleketine-seks-quldyqqa-tusk.html