RU

Жақында үйленген Ернар Айдар өміріндегі маңызды концертіне әйелін шақырмай қойды

Ернар Айдар жуырда көптен күткен бесжылдық концертін бермек. Өміріндегі маңызды кешіне күні-түні дайындалып жатқан әнші концертке жас келіншегін апармайтынын айтты. Оның айтуынша, келіншегі үйде жалғыз қалады.

Бұл туралы ол "Той Думан" арнасына берген сұхбатында айтты.

"Ол келіп не істейді? Мен ән айтамын болды. Ол әнші емес, биші емес, тамақ істеуді енді үйреніп жүрген адам. Кішкентай қыз. Үйде отырады. Үйде ешкім болмайды, айтпақшы. Үйге қарап отырады", - деді ол.

Сонымен бірге әнші осы кеші арқылы қиын кезеңде өзіне қолдау білдірген халқына алғысы айтқысы келгенін айтады.

"Кештің басты жаңалығы Ернар Айдар қайтадан сахнаға келді. Әнін айтып жүр, сіздердің тілеуіңізбен. Сіздерге үлкен рахмет деген концерт қой", - деді Ернар Айдар.

Тағы оқыңыздар:

Қасиетті Мекке жерінде селфи жасауға тыйым салынды

Әлия Назарбаева Қазақстанда жаңа қауымдастықты басқарады

Екінші әйел алғанын айтқан Қырғызстан мүфтиінің басы дауға қалды

"Ислам мемлекетіне" секс-құлдыққа түскен ару азапты күндері туралы айтты

Атырау облысында кішкентай балалар 50 келілік ауыр қаптарды тасып жүр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1691462-ernar-aydar-omirindegi-manhyzdy-konce.html