Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер азаматтардың әлсіз тұстарын қалай анықтауға болады?

Опубликовано:

Ер адамдар не туралы айтады? Әдемі әйелдер, әдемі көліктер, «әдемілеп барып бұрылысқа кіру» – ер адамдар күрделі мәселелер туралы айтпайды! Жалпы, қоғамда еркектерде проблемалар болмауы керек немесе оны үнсіз шеше білуі тиіс деген пікір қалыптасқан. Сол себепті ер адам достарына, психоаналитикке «мәселе» туралы сөз қатпайды. Бұл жерде мәселе сөзінің тырнақшаға алынуы себебінің де астары бар.

Бір рет немесе өзі ойдан құрастырған потенциямен қиындықтар кез-келген еркекті уайымға батырады. Егер бұл түпсіз терең тұңғиыққа үңіле берсеңіз, ерте ме, кеш пе «Дәрігер» деген жазуы бар тақтайша жарығын көретініңіз рас. Қажетті мағлұмат алу үшін осы жарыққа қарай жүріңіз.

Потенциямен туған қиындықтарды психогендік, органикалық және аралас деп бөлуге болады , . Органикалық тобы бойынша еркектердің көпшілігі (70 пайызға жуығы ) өз бақытсыздықтарына өздері себепші. Эректильді дисфунцкцияны тудыратын аурулардың көбі өмір сүру салтымен тікелей байланысты! Шылым шегу, алкоголь, жүйелі түрде тамақты көп жеу және нағыз еркектер дәрігерге бармайды деген сенім – бұлар заманауи қала тұрғынының салауатты өмір сүру салтына қарсы әрекеттері. Ер адамдар арасында аз өмір сүрсең де, оны көңілді өткізген жақсы деген әзіл кең тараған. Стастистикаға сүйенсек, тек көңілді өмір сүру жеткіліксіз. Өздеріңіз қараңыздаршы:

- еркектердің өмір сүруі әйелдерге қарағанда 10 пайызға қысқа;

- еркектер ишемялық жүрек ауруларына 3 есе көп шалдығады;

- диабет бойынша еркектердің көрсеткіштері 6 есе көп;

- қуық асты безінің қатерлі ісігі 2 есеге өскен.

Бұлай бола тұрса да, ер адамдар дәрігерлерге әйелдерге қарағанда 3 есе аз қаралады .

Іс жүзінде бұл сандар нені білдіреді? Еркек дәрігерге кеш немесе өте кеш барса, бұл кешігулер оның репродуктивті әлеуетіне қатты соққы болып тиеді. Осы айтылғандар «органикалық себептерге» жатады.

Әрине, бұл қиындықтар туралы достармен бөлісу міндетті емес. Алдын алу, шын проблемаларға апармас бұрын еркектердің денсаулығындағы сырқаттар белгілері туралы menhealth.kz сайтынан анонимді түрде білуге болады.

Ал, «өмір не өлім» таңдауының алдында тұрмас үшін, жұма күнгі бардағы отырыстарды бассейнге, қазыны қайнап пісірілген етке айырбастап, профилактикалық тексерулерге жазылып тұрған дұрыс. Урологқа барған да жөн!

NIH Consensus Conference. Impotence. NIH Consensus Development Panel on Impotence. JAMA. 1993 Jul 7;270(1):83-90.

Benet AE, Melman A.Urol Clin North Am. 1995 Nov;22(4):699-709. Review.

http://www.health-kz.com/arhiv/4_iyun_2013/erektilnaya_disfunkciya_diagnostika_i_sovremennye_metody_lecheniya/

http://oblmed.kz/stati/art19042016.html

KAZ.VIA.17.11.13(R)

*PR  құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1691477-er-azamattardynh-alsiz-tustaryn-qalay/

pixel