Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуін қуанту үшін 40 жасында пәктігін тіктірген әйел дәрігерлерді таң қалдырды

Опубликовано:

Бүлінген пәктік белгіні тігу Алматыда 30 мың мен 75 мың теңгенің арасында және сапасы да бағасына сай. Яғни арзаны - бірер күнге жарайтыны да, қымбаты – ұзаққа шыдайды. Бұл туралы Замана сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қысқа мерзім­ді пәктіктерді кез келген клиника жасайды. Яғни гинеколог «пер­денің» қалдығын оған сіңіп кететін арнайы жіппен тігіп береді. Операция жергілікті анестезия беру арқылы амбу­ла­торияда жасалады. Оны «қыз» қа­жетті кезден бірнеше күн (3-5 күн, 1-2 апта) бұрын жасатады. Ол көбіне қыз ұзату және үйлену тойының алдында жасалады. «Қыз» өзінің «қақ-соқтан» аман екенін осылай дә­лелдейді.

Ал ұзақ ­мер­зім­ді пәктікті гинекологтар қыздарға біраз уақыт бұрын салып береді. Бұл кезде «перденің» өзі тігілмейді, оны «жамауға» қынап аузынан ұлпалар алынады. Операция жалпы наркоз арқылы жасалады. Пациент отадан кейін стационарда бір күн болуы тиіс.

Мұндай операцияны жасатқан жан өзінің жай-күйіне, ағза мен жас ерекшелігіне қарай амбулаторияда немесе клиникада 15-20 минуттан (операция біткесін) бірер сағатқа дейін бақылауда болады. Ол ауыр зат көтермеуі, бел­сенді қимылдан сақтануы,  талта­йып отырмауы керек. Жалпы, мамандардың айтуынша, мұндай операция жасатуға көбіне жасы 25-ке дейінгілер барады екен. Күніне осындай оншақты ота жасалады. «Жұ­мыс» негізінен мамыр-қазан айларының аралығын қамтиды.

«Пәктік белгісі» әркімде әрқалай. Біреуде – нәзік, ал біреуде оның созылғыштығы басым, тесілмей қала алады. Бұл көбіне бала кезде спортпен айналысқан қыздарда кездеседі. Яғни ол алғашында ауырсыну сезінгенімен пердеден қан шықпайды.

Кей қыздар зорлыққа ұшыраған немесе алданған болуы мүмкін. Кей қыз­дар құлап жарақаттап алған болуы ықтимал. Олар кейін ұятқа қалмас үшін амалсыз «перде» тіктіреді.

40 жастан асқан әйел күйеуіне ұнау үшін қыздық тіктірген

Мұндай операция жасайтын гинекологтардың тәжірибесінде өздерін таңқалдыратын оқиғалар болып тұрады екен. Мысалы, бір әйел 40 жас­тан асқанда жасатыпты. Күйеуін «риза» ету үшін мерекеге «сыйлық» арнаған. Дегенмен мұндай жастағыларға «перде» тігу – күрделі іс. Себебі ол қыз күндегідей емес, оның қалған бөлігін «жамау» үшін қынап аузынан ұлпалар алынады.

Сосын оны «перде қалдығын қосып тігу керек. Негізі мұндай операция гимено­плас­тика деп аталады. Мамандардың айтуынша, Шымкент, Қызылорда, Тараздың тұмалары бүлінген пәктіктерін тіктіру үшін жиі келеді екен. Ал алматылық қыздар пәктік үшін аса бас қатырмайтын болып шықты

Тағы оқыңыздар:

Қасиетті Мекке жерінде селфи жасауға тыйым салынды

Әлия Назарбаева Қазақстанда жаңа қауымдастықты басқарады

Екінші әйел алғанын айтқан Қырғызстан мүфтиінің басы дауға қалды

"Ислам мемлекетіне" секс-құлдыққа түскен ару азапты күндері туралы айтты

Атырау облысында кішкентай балалар 50 келілік ауыр қаптарды тасып жүр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1691546-kuyeuin-quantu-ushin-40-zhasynda-paktigin/

pixel