RU

Рождество мерекесінде қырғын салғалы жатқан «Ислам мемлекеті» елді дүрліктірді

«Ислам мемлекеті» ұйымы рождестволық мерекелер кезінде АҚШ-та, Ұлыбританияда және Францияда террорлық шабуыл жасайтындарын айтты деп хабарлайды QazaqTimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі сақтықты күшейтуді, сонымен бірге көпшіліктің мереке кезінде сергек болуын сұрап хабарлама таратты.

Сингапурдың «Lianhe Zaobao» және Гонконгтың «Dagong Bao» басылымдары «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының жақында жариялаған материалдары туралы мәлімдеген.

Онда АҚШ-тағы «The New York Times» скверінде Санта-Клаус болып киінген адам камераға «Қауіпті», «Жарылғыш» белгілері бар ағаш жәшікті көрсетеді. Сонымен бірге «Рождествода Нью-Йоркте кездесеміз... жақында!» деген сөз жазылған тақтайша да бар.

Бұдан бөлек, Ұлыбритания мен Францияға жіберілген екі материалдың бірінде қан дағы бар пышақпен Париждегі Эйфель мұнарасын нұсқайды.

Аталмыш екі материалда да ағылшын, француз және неміс тілдерінде «Бұл сендердің мерекелеріңде болады» деген сөз жазылған.

Тағы оқыңыздар:

Қасиетті Мекке жерінде селфи жасауға тыйым салынды

Әлия Назарбаева Қазақстанда жаңа қауымдастықты басқарады

Екінші әйел алғанын айтқан Қырғызстан мүфтиінің басы дауға қалды

"Ислам мемлекетіне" секс-құлдыққа түскен ару азапты күндері туралы айтты

Атырау облысында кішкентай балалар 50 келілік ауыр қаптарды тасып жүр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1691563-islam-memleketi-rozhdestvo-merekes.html