RU

Жұлдыз Өмірғали желіге сәбидің бесігін не себепті салғанын ашық айтты

КешYou-дің экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалидің Instagram парақшасына бесіктің суретін салғаны Қазнетте қызу талқыға түскен. Көпшілік әнші бесіктің суретін салу арқылы өзінің сәбилі екенін растағанын айтты. Бірақ Жұлдыз болса бесіктің өзіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

“Растай түскенде, мен ол бесікті әпкеме арнап алсам ше? Мен туған-туыстарымды парақшама сала алмаймын ғой. Оларды ашық түрде құттықтап, сыйлық жасаймын. Ол менің балам бар екенін растағаным емес”, – деді әртіс.

Бұдан өзге, Жұлдыз бұрынғы топтастарымен және продюсерімен қазіргі ара-қатынасы туралы сөз етті.

“Шыны керек, біраз уақыт болды араласпай кеттік. Топ директоры - Назым Басқынбаевамен араласамын, ал қыздармен өкінішке орай, байланыс үзілді десе де болады. Ақбота пысық қыз, бір орында отырмайды. Қыздарға, құрбыларына көңіл бөлуге оның да уақыты жоқ шығар. Қазір араласпаймыз. Ал Баян Мақсатқызымен соңғы рет жазда кездестім”, – деп мәлімдеді Жұлдыз.

Тағы оқыңыздар:

Қасиетті Мекке жерінде селфи жасауға тыйым салынды

Әлия Назарбаева Қазақстанда жаңа қауымдастықты басқарады

Екінші әйел алғанын айтқан Қырғызстан мүфтиінің басы дауға қалды

"Ислам мемлекетіне" секс-құлдыққа түскен ару азапты күндері туралы айтты

Атырау облысында кішкентай балалар 50 келілік ауыр қаптарды тасып жүр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1691661-zhuldyz-omirghali-zhelige-sabidinh-besig.html